Қарағандыда 4 жасар бала көлікпен бірге жанып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда 4 жасар бала көлікпен бірге жанып кетті

Қарағандыда 4 жасар бала көлікпен бірге жанып кетті

Қарағандыда 4 жасар бала көлік ішіндe тірідей өртеніп кетті. Баланың әкесі өртті өз бетінше сөндірмек болған, алайда баланы өрттен құтқа

  • 2 Қыркүйек 2016
  • 673
Фото - Caravan.kz

Қарағандыда 4 жасар бала көлік ішіндe тірідей өртеніп кетті. Баланың әкесі өртті өз бетінше сөндірмек болған, алайда баланы өрттен құтқара алмаған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сағат 13.10-да жедел-жәрдем көлігіне қоңырау келіп түсті. Мұқанов мекежайынан хабарласты. Кейіннен артынша Сатыбалдин көшесінен қоңырау түсті. Олар ішінде бала бар көліктің өртеніп жатқанын хабарлады. Біздің мамандар оқиға орнына барып жетті. Алайда олар келгенде көлік толықтай өртеніп кетіпті. Бала қайтыс болды. Әкесі баласына көмектеспекші болып, көлікті шығаруға тырысқанымен оның өмірін құтқара алмады", — деп хабарлайды денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Сонымен қатар, Исаның айтуынша, әкесі баласын жалғыз көлікте бірнеше минутқа қалдырған. Ол жанып жатқан көлікті көргенде, баса-көктеп баласын шығармақшы болған. Алайда көліктің есіктері ашылмай қалған. Әкесіне көмек беруге тағы бір ер адам келген. Нәтижесінде екі ер адам бірінші және екінші дәрежелі күйік алған. Кейіннен оқиға орнына баланың анасы келіп жеткен. Баланың ата-аналарына психолиялық көмек қажет болды.

"Ер адамдарға алғашқы көмек көрсетілді. Ауруханаға жеткізу қажеттілігі туған жоқ. Ал анасына психологиялық көмек көрсетілді. Отбасында үлкен қайғы орын алды", — деді баспасөз қызметіндегілер.


Сонымен қатар, Облыстық ТЖД өкілдері болған оқиғаға қатысты түсінік берді. Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, ТЖД пультіне сағат 13.00-де қоңырау келіп түсті. Қоңырау шалғандар Volkswagen Transporter көлігінің өртенгені жайлы хабарлаған. Оқиға орнына өртсөндіру қызметкерлері мен апаттық-құтқару қызметінің екі дана техникасы мен жеке құрамнан сегіз адам жұмылған.

"Оқиға орнына келген кезде 10 шаршы метрге дейін көліктің өртенгені анықталған. Қызметкерлер онда 2012 жылы дүниеге келген баланың денесін тапты. Өрт сағат 13.20-да ауыздықталған", — деп хабарлады ведомстводағылар.
 

Соңғы жаңалықтар