Қарағандыда екі автобус соқтығысып, бір адам қаза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда екі автобус соқтығысып, бір адам қаза болды

Қарағандыда екі автобус соқтығысып, бір адам қаза болды

Қарағандыда қарама-қарсы келген екі автобус соқтығысып, көлік апатының салдарынан «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі қаза

  • 23 Наурыз 2017
  • 564
Фото - Caravan.kz

Қарағандыда қарама-қарсы келген екі автобус соқтығысып, көлік апатының салдарынан «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің өңірдегі тілшісі.

21 наурыз күні Космонавтар көшесінің бойындағы автожолда бір адамның өмірін қиған жол апаттында №31 маршруттық автобус пен «Мерседес» маркалы шағын автобус соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы куәгерлерінің айтуынша, маршруттық автобустың жүргізушісі жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кетіп, қарсы бетте келе жатқан «Мерседес» автокөлігімен соқтығысқан.

«Автобус жүргізушілерінің жолақыға, жолаушыға таласып, өзара жарыс ұйымдастыратыны жасырын емес. Бұл мәселе қарағандылықтардың көп жылдан бері шешілмей келе жатқан проблемасы. Осы жолы да автобустар жарысы болып, жүргізуші жол ережесін бұзды. Осының кесірінен бір адамның өмірі қиылды, бір отбасының шаңырағы шайқалды. Қарағандының автобус жүргізушілері осылайша күн сайын жолаушыларды өмірін қатерге тігеді. Қоғамдық көлікке міну қауіпті болып барады», — дейді Қарағанды тұрғыны Мақпал Еламанова.


Қарағанды әкімдігінің жолаушылар көлігі секторының меңгерушісі Ескендір Қабидулланың айтуынша, апат болған уақытта автобуста жолаушылар аз болған. «№31 маршруттық автобус жүргізушісі жеңіл жарақаттар алған. Автобуста болған жолаушылардың ешқайсысы денсаулығына қауіп төндіретіндей жарақат алған жоқ», — дейді Е.Қабидулла.

Аталған жол көлік оқиғасының себептері анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар