Қарағандыда қараусыз қалған сөмке жұртты әбігерге түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда қараусыз қалған сөмке жұртты  әбігерге түсірді

Қарағандыда қараусыз қалған сөмке жұртты әбігерге түсірді

Қарағандыда «Сити Мол» сауда-ойын-сауық орталығында қараусыз қалған күдікті сөмке жұртшылықты әбігерге салды. Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, жедел қызмет сауда үйінен 300-ге жуық келуші мен сауда үйі қызметкерін эвакуациялады.

  • 25 Ақпан 2017
  • 371
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.

«25 ақпан күні 10:48-де 102 жедел басқару орталығының пультіне сауда үйінің орталық кіре берісіне тастап кеткен қара сөмке туралы хабарлама келіп түсті. Жедел қызмет келушілер мен қызметкерлерді эвакуациялады», — дейді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Сөмкенің иесі табылды. Сауда үйінің күзетшілері ер адамды жүгімен бірге ғимаратқа кіргізбеген. Сол себепті ер адам кіре беріске тастап кетуге мәжбүр болған. Ер адамның ешқандай қастық ойламағаны және күзетшілер талабымен тастап кетуге мәжбүр болғаны ескеріліп, қамауға алынған жоқ. 


Соңғы жаңалықтар