Қарағандылық ғалымдар электрді үнемдейтін «ақылды» желілер шығармақ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандылық ғалымдар электрді үнемдейтін «ақылды» желілер шығармақ

Қарағандылық ғалымдар электрді үнемдейтін «ақылды» желілер шығармақ

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті «ЭКСПО-2017» аясында бірнеше іс-шараларға қатысып, жүзеге асыруға арналған энергиялық тиімді бірқатар шешімді таңдады. Олар энергия үнемдеуші жылыту жабдықтарын, «ақылды» электрлі жабдықтау желілерін, сөмке және рюкзактағы күнмен зарядталатын модульдерін, сонымен қатар көгілдір көмір шығару жұмыстарын бірлесіп атқармақ.

  • 24 Қазан 2017
  • 195
Фото - Caravan.kz

Тұрақты даму тұрақты энергетикасыз мүмкін емес. Инновация, жаңа идеялар, стандартты емес шешімдер – бұл ҚМИУ профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім алушыларға ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысқан соң «жасыл» экономика қағидаларын іс жүзінде жүзеге асыруға және дамытуға мүмкіндік берген жаңа серпіліс.

ҚМИУ-дің бес жүз студенті «ЭКСПО-2017» көрмесіне алғашқы күндері, яғни 11-12 маусымда барған болса, ал кейін үш ай ішінде 1567 білім алушы, университет оқытушылары және қызметкерлері көрмені тамашалады.

Көрмеге қатысу барысында шетелдік әріптестермен тікелей қарым-қатынастар арқылы білім және ғылым саласында жаңа халықаралық байланыстар жүзеге асырылды.

Университет өкілдері 2017 жылдың 11-14 маусым аралығында университет өкілдері ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған «Энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету» атты конференция жұмысына және тұрақты дамуға арналған энергетика бойынша VIII Халықаралық форум жұмысына қатысты.

Сондай-ақ, ҚМИУ 2017 жылы 15-16 маусым күндері Елбасының қатысуымен өткізілген Х Астаналық экономикалық форум жұмысына қатысты. Форумның негізгі тақырыбы «Жаңа энергия – жаңа экономика».

19-20 маусым аралығында университет өкілдері WSEC-2017 инженерлер мен ғалымдардың «Болашақ энергиясы: инновациялық сценариялар және оларды жүзеге асыру әдістері» Әлемдік конгресінің жұмысына қатысты. Конгресс тек ғалымдар мен инженерлерге арналған кәсіби пікір-талас алаңы ғана емес, сонымен бірге жаңа жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға қатысты жасыл экономиканың нақты көрінісі болды.


ЭКСПО-2017 көрмесінің нысандарын бірнеше рет тамашалау барысында еліміздің экономикасына енгізуге таңдап алынған шетелдік технологиялардың 105 жобасын зерттеу барысында университет ғалымдары жүзеге асыруға арналған энергиялық тиімді бірқатар шешімді таңдады. Аталған шешімдер бойынша Ресей Федерациясы, Польша, Белоруссия, Австрия, Германия елдерінің ғалымдары университетпен бірге жұмыс жасауға дайын. Олар энергия үнемдеуші жылыту жабдықтарын, «ақылды» электрлі жабдықтау желілерін, сөмке және рюкзактағы күнмен зарядталатын модульдерін, сонымен қатар көгілдір көмір шығару жұмыстарын бірлесіп атқармақ.

Соңғы жаңалықтар