Қарағандылықтар «WhatsApp» арқылы әкімге сұрақ қоя алады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандылықтар «WhatsApp» арқылы әкімге сұрақ қоя алады

Қарағандылықтар «WhatsApp» арқылы әкімге сұрақ қоя алады

Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров тұрғындар алдында онлайн режимде есеп бермек. Бұл жайында Baq.kz агенттігінің Қарағандыдағы тілшісі хабарлайды.

  • 12 Қаңтар 2017
  • 464
Фото - Caravan.kz

Қала әкімі алдын ала қойылған сұрақтардың барлығына жауап бермек. Ол үшін +7 778 623 81 76 нөміріне «WhatsApp» арқылы мәтіндік хабарлама жіберуге болады. Хабарламаға фотосурет пен бейнежазба да тіркеп жіберсеңіз болады. Ал аудиожазба ретінде жіберілген хабарламалар қарастырылмайды.

Сондай-ақ, қала тұрғындары ескертулер мен ұсыныстарын қалалық әкімдіктің, Жаңа Майқұдық мәдениет сарайының, «Молодежный» кеншілер сарайының, Теміржолшылар мәдениет сарайының және халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінші қабатына орнатылған арнайы жәшіктерге де сала алады.

«Нұрлан Ерікбайұлы қала тұрғындарының сұрақтарына 14 ақпан күні жауап береді. Тікелей көрсетілімді қала әкімдігінің ресми интернет сайтынан көруге болады», — деп хабарлайды Қарағанды әкімдігінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар