Жарияланды: 17 7336

Қарақат Әбілдина туған күнін мешітте атап өтуінің себебін түсіндірді

Қарақат Әбілдина туған күнін мешітте атап өтуінің себебін түсіндірді

Танымал әнші Қарақат Әбілдина туған күнін мешітте атап өтуінің себебін түсіндірді. Әнші арақ-шараппен өтетін сауық кештерін назардан тыс қалдырып, халал түрде өткен туған күнді сынағандарға ренжіп қалғанын желідегі жазбасы арқылы білдірді. 

Stan.kz тілшісі мәселенің мән-жайын білмек болып әншінің өзіне хабарласты.

Қарақат Әбілдина шын мәнінде медресенің шәкірттері мен ұстаздарына ас бергенін тілге тиек ете отырып, оны жария қылғысы келмегенін айтты.

“Неге шулап жатыр? Мен не нәрсені дұрыс жасамадым? Мен туған күнімді атап өтем бе? 40 шақты медресенің ұстаздары мен шәкірттеріне өзімнің берген асымды мадақтап жазуым керек пе? Жасаған сауабымнан айырылып… Ол жерде ас берілді, Құран оқылды. Бірақ ел “туған күнін атап өтті” деп жазып жатыр. Қай жерден баннерден көріп тұрсыздар «менің туған күніме қош келдіңдер» деген жазуды? “Қарақат Әбілдинаның «Үміт көктемі» атты сырласу кешіне қош келдіңіздер» деп тұр. Мен кілең-қыз келіншектерге, медресенің ұстаздары мен шәкірттеріне ас бердім. Оны бердім деп жариялауым керек пе?” – дейді Қарақат Әбілдина Stan.kz тілшісіне.

Желіде қалдырған жазбасында әнші кеште салт-дәстүрлердің қамтылғанын айтты.

“Әлxамдулиллаh! Тағы бір жасты еңсердік. Жасымызға жас, басымызға бас қосылып жатыр. Қаншама ақ тілектерді естідім, оқыдым. Барлықтарыңызға алғысым шексіз. Өзім аяғым ауыр болған соң ба білмеймін, жүрегім бір тазалықты қалады. Туған күнімді таза жерде мешіттің мейрамxанасында өткізуге аңсарым ауды. Ішімдегі періштем тазалықты сезінсін, Құранның әуезіне балқысын деген әппақ ниет еді.

Тек қана қыздар бас қосып, төгілтіп орамалдарын тағып келсе, елдің алдында жүрген арулар ақ жаулықтарымен отырса қазақтың қанша қыздарына үлгі де болады ғой деп ойладық. Пайғамбарымыздың с.ғ.с хадистеріне сүйеніп мағыналы ән-жыр қосуды да жөн көрдік. Қазақтың салты, дәстүрі де қамтылды. Түрлі ойындар болсын, Құран оқылса, уағыздар айтылса деген мақсатым орындалды да. Бәрі де керемет! Ғажап кеш өтті.

Ең қызығы, арақ-шараппен шулап өтетін туған күндер туралы тіс жармайтын кейбіреулер менің адал ниеттегі, xалал түрдегі туған күнімді дабырайтып жазып та жатқан көрінеді. Өкінішті-ақ… Әппақ дуниеден қаралық іздеуге неге құмар болдық екен деп ойлаймын. Тырнақтың ішінен кір іздей бермей, ізгілікке ұмтылған жүректерден нұр іздеп үйренейікші ағайын. Қасиетті жұма қабыл болсын”, – деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Есте болса, бұған дейін Қарақат Әбілдинаның Хазірет Сұлтан мешітінде өткен кеші жайында жазған едік.

Пікір қалдырыңыз

Қонақ 7 апреля

Ак орамалын тагып кафеге немесе озы уйыне откызуге болар еды! козге тусып озын корсеу ушын не истерын былмей жур. мешытке конактарын шыгарып салган сон, келе берсе болар еды.

Қонақ 7 апреля

Дурыс гой мейрамханада шуылдатып тойлапап одан мешитке келсе одан не пайда мешитте болган дурыс ах ниетимен жасаган иси гой онин неси айп Аллах охиган дуга тилектеринзди хабыл етип периштелер амин десин

Қонақ 7 апреля

Мешитте жасаганнын неси айып куран окып,уагыз айтылган жаксы емеспа.Казактар бир бирин коре алмайды,бирден каргап силеп шыгады осыган тусинбейм.Каракат апай аман есен бопенизди босанып колынызга устап,Кыдырали агамен балаларынызбен бакытты омир кешиниз.

Қонақ 7 апреля

Қазақтар жалпы мұсылмандар туған күнін атап өтпейді. Бұл орыстардың арақ ішу үшін өткізетін сылтауы ғой.Мешітке туған күн өткізу ұят. Ауыр күнә.

Қонақ 7 апреля

Акмак

Қонақ 7 апреля

Акмак

Қонақ 7 апреля

Акмак

Қонақ 7 апреля

Акмак

Қонақ 7 апреля

Акмак

Қонақ 7 апреля

Акмак

Қонақ 7 апреля

Акмак

Қонақ 7 апреля

Акмак

Қонақ 7 апреля

Акмак

Қонақ 7 апреля

Акмак

Керемет,дугаларыныз кабыл болсын! 7 апреля

Керемет, дугаларыныз кабыл болсын!

Қонақ 8 апреля

Алланың уйiнде тек құран, намаз оқылу керек. Мешiтте ешқашан, ешқашанда ойын сауық отkiзiлмеу керек. Ол жер сiздiн ерелiгi iздi көтеретін жер үй емес

Қонақ 8 апреля

Қалай ақталса да сенікі дұрыс емес

Сіздің пікіріңіз,

[X]