Қарақат Әбілдина туған күнін мешітте атап өтуінің себебін түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарақат Әбілдина туған күнін мешітте атап өтуінің себебін түсіндірді

Қарақат Әбілдина туған күнін мешітте атап өтуінің себебін түсіндірді

Қарақат Әбілдина шын мәнінде медресенің шәкірттері мен ұстаздарына ас бергенін тілге тиек ете отырып, оны жария қылғысы келмегенін айтты.

“Неге шулап жатыр? Мен не нәрсені дұрыс жасамадым? Мен туған күнімді атап өтем бе? 40 шақты медресенің ұстаздары мен шәкірттеріне өзімнің берген асымды мадақтап жазуым керек пе? Жасаған сауабымнан айырылып… Ол жерде ас берілді, Құран оқылды. Бірақ ел “туған күнін атап өтті” деп жазып жатыр. Қай жерден баннерден көріп тұрсыздар «менің туған күніме қош ке?

  • 7 Сәуiр 2017
  • 7683
Фото - Caravan.kz

“Неге шулап жатыр? Мен не нәрсені дұрыс жасамадым? Мен туған күнімді атап өтем бе? 40 шақты медресенің ұстаздары мен шәкірттеріне өзімнің берген асымды мадақтап жазуым керек пе? Жасаған сауабымнан айырылып… Ол жерде ас берілді, Құран оқылды. Бірақ ел “туған күнін атап өтті” деп жазып жатыр. Қай жерден баннерден көріп тұрсыздар «менің туған күніме қош келдіңдер» деген жазуды? “Қарақат Әбілдинаның «Үміт көктемі» атты сырласу кешіне қош келдіңіздер» деп тұр. Мен кілең-қыз келіншектерге, медресенің ұстаздары мен шәкірттеріне ас бердім. Оны бердім деп жариялауым керек пе?” – дейді Қарақат Әбілдина Stan.kz тілшісіне.

Желіде қалдырған жазбасында әнші кеште салт-дәстүрлердің қамтылғанын айтты.

“Әлxамдулиллаh! Тағы бір жасты еңсердік. Жасымызға жас, басымызға бас қосылып жатыр. Қаншама ақ тілектерді естідім, оқыдым. Барлықтарыңызға алғысым шексіз. Өзім аяғым ауыр болған соң ба білмеймін, жүрегім бір тазалықты қалады. Туған күнімді таза жерде мешіттің мейрамxанасында өткізуге аңсарым ауды. Ішімдегі періштем тазалықты сезінсін, Құранның әуезіне балқысын деген әппақ ниет еді.


Тек қана қыздар бас қосып, төгілтіп орамалдарын тағып келсе, елдің алдында жүрген арулар ақ жаулықтарымен отырса қазақтың қанша қыздарына үлгі де болады ғой деп ойладық. Пайғамбарымыздың с.ғ.с хадистеріне сүйеніп мағыналы ән-жыр қосуды да жөн көрдік. Қазақтың салты, дәстүрі де қамтылды. Түрлі ойындар болсын, Құран оқылса, уағыздар айтылса деген мақсатым орындалды да. Бәрі де керемет! Ғажап кеш өтті.

Ең қызығы, арақ-шараппен шулап өтетін туған күндер туралы тіс жармайтын кейбіреулер менің адал ниеттегі, xалал түрдегі туған күнімді дабырайтып жазып та жатқан көрінеді. Өкінішті-ақ… Әппақ дуниеден қаралық іздеуге неге құмар болдық екен деп ойлаймын. Тырнақтың ішінен кір іздей бермей, ізгілікке ұмтылған жүректерден нұр іздеп үйренейікші ағайын. Қасиетті жұма қабыл болсын”, – деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Есте болса, бұған дейін Қарақат Әбілдинаның Хазірет Сұлтан мешітінде өткен кеші жайында жазған едік.

Соңғы жаңалықтар