Жарияланды: 2 250

Қарт жүргізушіні аяусыз ұрып-соққан адам өз әрекетін түсіндірді

Қарт жүргізушіні аяусыз ұрып-соққан адам өз әрекетін түсіндірді

Астанада қарт жүргізушіні аяусыз ұрып-соққан адам өз әрекетін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іздеу шаралары барысында Астананың 23 жастағы тұрғыны ұсталған. Қарт адамды ұрып-соғу дерегіне қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр екен. Алайда жәбірленушіден әзірше арыз түспеген. "Осыған байланысты жәбірленушіден полицияға хабарласуды сұраймыз", - дейді қалалық ІІД өкілдері. Полициядағылардың айтуынша, жүргізушіні аса қатыгездікпен ұрып-соққан ер адам өз әрекетіне жолдағы жанжалдың себеп болғанын айтқан. Жанжалдан кейін ол осылайша әрекет етуді ұйғарыпты. Мұның алдында ІІД-нің баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова ер адамның табылғанын және соталды тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған.


 

Пікір қалдырыңыз

Қонақ 19 мая

Оңбаған, қартты ұрғаны несі, ит екен.

Қонақ 19 мая

Қартты ұрған" голубой, гей" жігіт қой.

[X]