Қарт жүргізушіні аяусыз ұрып-соққан адам өз әрекетін түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарт жүргізушіні аяусыз ұрып-соққан адам өз әрекетін түсіндірді

Қарт жүргізушіні аяусыз ұрып-соққан адам өз әрекетін түсіндірді

Астанада қарт жүргізушіні аяусыз ұрып-соққан адам өз әрекетін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД-нің баспа

  • 19 Мамыр 2017
  • 325
Фото - Caravan.kz

Астанада қарт жүргізушіні аяусыз ұрып-соққан адам өз әрекетін түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іздеу шаралары барысында Астананың 23 жастағы тұрғыны ұсталған. Қарт адамды ұрып-соғу дерегіне қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр екен. Алайда жәбірленушіден әзірше арыз түспеген. "Осыған байланысты жәбірленушіден полицияға хабарласуды сұраймыз", — дейді қалалық ІІД өкілдері. Полициядағылардың айтуынша, жүргізушіні аса қатыгездікпен ұрып-соққан ер адам өз әрекетіне жолдағы жанжалдың себеп болғанын айтқан. Жанжалдан кейін ол осылайша әрекет етуді ұйғарыпты. Мұның алдында ІІД-нің баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова ер адамның табылғанын және соталды тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған.


 

Соңғы жаңалықтар