Қазаққа сатылып кеткен қырғыз ханшайымының халі қандай? - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазаққа сатылып кеткен қырғыз ханшайымының халі қандай?

Қазаққа сатылып кеткен қырғыз ханшайымының халі қандай?

Көптеген елдер өз ішінде сұлулық ханшайымдарына мұқтаж болып, оларды шет жақтан "сатып алуға" мәжбүр болады.

  • 8 Қазан 2017
  • 2682
Фото - Caravan.kz

"Бикини ТМД-2015" сұлулық сайысының екінші вице-мисс атағының иегері, қырғызстандық Карина Рсалиева Қазақстан мен Әзірбайжан елдерінің намысын қорғаған. Оның айтуы бойынша, тіпті бүгінгі күнге дейін осы екі елден "тойға шақыру" секілді түрлі смс-хаттар келеді екен,- деп хабарлайды Caravan.kz Sputnik порталына сілтеме жасап.

— Қай уақытта Сіз көпшілікке танымал болдыңыз?

— Испаниядан қайта оралған кезімде, бірден ұсыныстар түсе бастады. Ол баста Қырғызстанда екі модель агенттігі жұмыс істеген: VitLine және EastModels. Олар мені бірден жұмысқа шақырды. Ең қызығы, маған тіпті түрлі сұлулық мектептеріне барудың да қажеттілігі болған жоқ. Ал оған дейін, ондай "мектептерге" барып, оқытуыңа 200 АҚШ долларын беру — қатып қалған заң секілді болған. Ал Қырғызстанда олай болған жоқ. Неге дейсіздер? Себебі, ол елде модель болу — жұмыс емес, хобби секілді. Маған сол керек. Ешқандай артық шығынсыз тұтас мемлекеттің атын халықаралық сайыста шығардым.

Менде одан бөлек өзімнің жеке бизнесім бар.

— Уақыт өте келе Қырғызстаннан кетіп, сіз World Next Top Model кезінде Қазақстан атынан сұлулығыңызды паш еттіңіз. Қысқа уақыт мерзімінде мемлекет ауыстыру қалай орын алды?


Мен негізі көптеген модельдік агенттіктердің мүшесімін: Мәскеуде, Қазақстанда, Грузияда. Арасында маған келесідей хаттар келіп тұрады: "Біздің еліміздің атынан қатысқыңыз келе ма?", "Осы жылы бізге келіңіз"  және т.б.

Мен Қазақстанның намысын ғана емес, сонымен қатар 2016 жылдың қаңтар айында БҰҰ қолдауымен өткен атышулы сайысқа Әзірбайжанның атынан да шығып үлгердім. Маған бұл керемет қызық саяхат секілді.

— Модель бола тұра, айтарлықтай тұрақты материалдық кіріске ие болуы мүмкін ба?

— Мысалға, баяғыда мен Сән апталығында күніне 10 000 сомға тұрарлық ақша таба алатынмын. Ал қазір, модельдер өздерін жарнамалау мақсатында көбінесе тегін жұмыс істейді. Немесе бартер деген нәрсе бар: сахнаға шыққаны үшін, саған қымбат киім сыйлайды. Баяғыда осы бизнеске келген жаңа қыз "Мен 100 доллар алғым келеді" деген сұраныстардан бастаса, қазіргі кезде "Мен жаңа фотографиялар істеу үшін келдім" дейді.

Соңғы жаңалықтар