Қазақстан азаматы АҚШ-та ДАИШ-пен сыбайлас болғанын мойындады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан азаматы АҚШ-та ДАИШ-пен сыбайлас болғанын мойындады

Қазақстан азаматы АҚШ-та ДАИШ-пен сыбайлас болғанын мойындады

Қазақстанның 21 жастағы азаматы Ахрор Сайдахметов ДАИШ террористік ұйымына қолдау көрсету мақсатында келісім жасағанын мойындады, -

  • 20 Қаңтар 2017
  • 526
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның 21 жастағы азаматы Ахрор Сайдахметов ДАИШ террористік ұйымына қолдау көрсету мақсатында келісім жасағанын мойындады, — деп хабарлайды РИА Новости АҚШ-тың Әділет министрлігіне сілтеме жасап.

АҚШ прокуроры Роберт Кейперс айыпталушының Сирияға аттанып, ДАИШ-тың тарапында соғысқысы келгенін немесе АҚШ территориясында теракт жасауды жоспарлағанын мойындағанын мәлімдеді. Енді ол тергеумен келісімге барса да, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, Ахрор Сайдахметов 2015 жылдың ақпанында Нью-Йорктегі Джон Кеннеди атындағы әуежайда ұсталған болатын. Ол Түркияға ұшып кеткісі келген. Полицияның мәліметінше, ол Ыстамбұлдан Сирияға аттанып, ДАИШ-қа қосылмақ болған. Қазақстандықпен бірге Өзбекстан азаматы Абдурасул Журабоев та ұсталған еді. Ал тағы бір ұсталған азамат Аброр Хабибов ДАИШ-қа қаражат жинауға жергілікті желі ұйымдастырды деп айыпталды. 

Журабоев құқық қорғау органдарының назарына 2014 жылдың тамызында түскен. Ол лаңкестерді жақтап, өзбек тілінде жазба қалдырған. Тергеушілер ол АҚШ-та ДАИШ-тың бұйрығымен теракт жасауға дайын болды деп есептейді. Ал Сейдахметов "ислам тобына" қосылуға рұқсат бермесе, теракт жасауға дайын болған деген айып тағылды. Журабоев АҚШ президентін өлтіруге ұсынған, ал Сейдахметов қару сатып алып, полицейлер мен ФТҚ агенттерін атуды жоспарлаған делінеді.


Соңғы жаңалықтар