«Қазақстан» РТРК мен CCTV өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақстан» РТРК мен CCTV өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

«Қазақстан» РТРК мен CCTV өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен Қытайдың CCTV корпорациясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

  • 9 Маусым 2017
  • 361
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Қазақстан» РТРК Басқарма Төрағасы Ерлан Қарин Instagram-дағы парақшасында жазды.

«ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары аясында екі жақ арасында 13 үкіметаралық келісімшартқа қол қойылды. Соның ішінде, "Қазақстан" телерадиокорпорациясы мен CCTV корпорациясы арасында өзара серіктестік туралы меморандум да бар», деп жазды Ерлан Қарин. Айта кетейік, Астанада өткен Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің IV отырысы аясында Қазақстан мен Қытайдың ірі компаниялары стратегиялық маңызы бар бірқатар келісімдер жасалған болатын.

Атап айтқанда, энергетика, xимия өнеркәсібі, металлургия салаларында 7 млрд АҚШ долларына жуық сомада барлығы 22 коммерциялық және негіздемелік келісімдерге, оның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ тобының қатысуымен жалпы сомасы 4,5 млрд АҚШ доллары болатын 6 келісімге қол қойылды.  


 

Соңғы жаңалықтар