Қазақстан Сирияға жөнелткен гуманитарлық көмек халыққа таратыла бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Сирияға жөнелткен гуманитарлық көмек халыққа таратыла бастады

Қазақстан Сирияға жөнелткен гуманитарлық көмек халыққа таратыла бастады

Сирия басшысы Башар Асад Қазақстанда өтуі тиіс келіссөздерден үлкен үміт күтетінін мәлімдеді. Себебі Женевадағы жиыннан гөрі Астанадағы келісім алаңына барлық сириялық топтар қатысады деген сенім бар. Жақында біздің ел Сирияға гуманитарлық жүк жөнелткені туралы айтқан болатынбыз. Бүгінде оның алғашқы легі жергілікті жұрттың қолына тиді. Саид бүгін түскі асқа брокколи қуырып жатыр. Кеше майға асқабақ пісіріп еді. Әрі-бері жүргендер - жаңа көшіп келген көршілері. Бұл қоныс аударушылар лагері. Алеппо мен Дамаскіден келген 80 отбасы қазір осы Тартуста тұрып жатыр.

  • 10 Қаңтар 2017
  • 643
Фото - Caravan.kz

Бұрынғы әлеуметтік қорғау басқармасының ғимаратын паналап отыр. Пұшайман болған бұл жандар көмекке зәру. Соғыс болғанымен, бәрі бірдей сабылып, батыстан береке таппайтынын біледі де. Осындай лагерьлерге келіп бас сауғалайды. Бұл — соғыстың ойранын көрсе де, Отанынан безбегендерге арналған қауіпсіз орындар. Өмірінде бірде бір бейнекамера көрмеген бейбақ балалар шуылдап қалды. Дүние есігін ашқалы электр жарығын көрмеген, жарытып тойып тамақ ішпейтін бала-шағаның көзінде өздері де әлі терең түсіне қоймайтын мұң бар. 10 жастағы жеткіншектер саясат, соғыс туралы ересектерден естігенін әңгімелейді, бейбіт күн туса деп армандайды.

— Мен өзге елдердегідей жақсы мектепке сабаққа барғым келеді. Бірақ әкем біздің қалада қаруланған адамдар жүргенін айтты, сондықтан біз уақытша осында тұратын боламыз.

Қайырымды адамдар жоқ емес. Қазақстан жіберген көмекке тұрғындар дән риза. Бірнеше қап ұнды көргенде балалар да жүгіріп жүк түсіруге кірісті. Кешке жылы жұмсақ жұқа нан жейтіндерін ойлап қуанып жүр. Әзірге макарон өнімдері, күріш, ет консервілері, шай секілді азық-түлік жеткізілді, қалғаны жақында әкелінеді.

Әмина Мұхаммад Аббах:

— Соғыс бізді әбден қалжыратты. Халықтың тоз-тозы шықты. Біздің қиналғанымызды Қазақстан халқы да біліп, сіздердің Президенттеріңіз бізге көмек көрсету жөнінде шешім қабылдағанын естігенде көздерім жасқа толды. Бұл біз үшін, біздің балаларымыз үшін өте маңызды. Сіздердің жеріңізде мұндай соғыс бола көрмесін, халықтарыңыз біздің көргенімізді көрмесін.

Бұл маңнан ондаған шақырым жерде Хомс қаласы орналасқан. Қаруланған топтар мен оппозиция содырлары қаланың ойран-асырын шығарған. Кей аудандарында ауық-ауық атыс болып тұрады. Бір-екі жыл бұрын Хомстың ескі орталығында саудасы қызған нағыз шығыс базары болатын. Қазір оның тамтығы жоқ. Қақтығыстар кезінде қаладағы ірі мешіттердің бір бөлігі қираған. Халықтың дінге беріктігі ғой, мешіт мұнарасынан күніне 5 рет азан шақырылады. Хомсты бірден қалпына келтіру мүмкін болмаса да, тыныш аумақтарында өмір қайта жанданғандай. Гасан Жансиз, Бабхуд ауданын қалпына келтіру жөніндегі бас инженер: — Біз Хомстың ең көне ауданын қалпына келтіру жұмысын қолға алдық. Мәселен, мына базар 2 мың жыл бұрын салынған, әлемдік сәулет мұрасы. БҰҰ қолдауының арқасында жөндеу жүргізілуде. Біз болашақта бейбіт Сирияға көп адамдар қыдырып келеді деп сенеміз. Бұрынғы бақытты бейбіт ғұмыр қираған үй, бұзылған ғимарат, үйінділердің астында қалғандай. Бейбіт күнге ұмтылған сириялықтар келешегінің кірбіңсіз болатынына ерекше сенеді. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», бұл туған жерінен аулаққа кеткісі келмейтіндердің арманы.  



 

Соңғы жаңалықтар