Қазақстан үшін ойнайтын ресейлік теннисші турнирде жеңілгенімен қоймай, қазақ тілін мазақ қылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үшін ойнайтын ресейлік теннисші турнирде жеңілгенімен қоймай, қазақ тілін мазақ қылды

Қазақстан үшін ойнайтын ресейлік теннисші турнирде жеңілгенімен қоймай, қазақ тілін мазақ қылды

Жарыстарға Қазақстанның атынан қатысып жүрген ресейлік 20 жасар теннисші Александр Бублик Уимблдон турнирінде әлемнің нөмірі бірінші ракеткасы, жарыстардың қазіргі жеңімпазы, 30 жасар ұлыбританиялық Энди Маррейден жеңіліп қалған еді.

  • 4 Шiлде 2017
  • 3002
Фото - Caravan.kz

Бірақ ол бұған түк те өкініп отырған жоқ. Тіпті Твиттердегі парақшасында көңілді жазба қалдырған, деп хабарлайды Caravan.kz.

«Бұл – әзірге менің ең керемет күнім. Қолдау білдіргендерге рахмет. Келесі жылы кездескенше» депті Бублик.

Ол мұнысымен де қоймай, «Еуроспорт» телеарнасында қазақ тілін мазақ қылды. Яғни ол өзі намысын қорғап жүрген елдің мемлекеттік тілін қаншалықты білетініне қатысты сұрақтарға қылжақпен жауап беріп отырды.


Соңғы жаңалықтар