Қазақстанда былтыр 7 трлн теңге салық жиналды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда былтыр 7 трлн теңге салық жиналды

Қазақстанда былтыр 7 трлн теңге салық жиналды

 

  • 12 Қаңтар 2018
  • 226
Фото - Caravan.kz

2017 жылы мемлекеттік бюджетке келіп түскен салық мөлшері 7,1 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

2016 жылмен салыстырғанда келіп түскен салық мөлшері 10,9% (6,4 трлн теңге) өсті. Мемлекеттік кіріс комитеті мәліметінше, ең көп салықты Алматы облысының тұрғындары төледі – 1,7 трлн теңге. Астана – 989,9 млрд теңге, Атырау облысы – 1 трлн теңге.

Ақтөбе облысы бір жылда мемлекеттік бюджетке – 355,8 млрд теңге, Қарағанды облысы – 340,3 млрд теңге, Оңтүстік Қазақстан облысы – 318 млрд теңге, Шығыс Қазақстан облысы – 312,5 млрд теңге, Алматы облысы – 318,5 млрд теңге пайда әкелді.

Бұдан өзге Маңғыстау облысының салығы мен төлемдерінің көлемі 335,5 млрд теңге, Павлодар – 239,4 млрд теңге, Шығыс Қазақстан – 256,1 млрд теңге, Қостанай облысы – 160 млрд теңге болды.


Мұнымен қатар, Ақмола облысы тұрғындары – 134 млрд теңге, Қызылорда облысы – 104,6 млрд теңге, Жамбыл мен Солтүстік Қазақстан облыстары – 81,4 млрд теңге және 79 млрд теңге салық төледі.

Соңғы жаңалықтар