Қазақстанда дипломды 200 мың теңгеге жасап сатады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда дипломды 200 мың теңгеге жасап сатады

Қазақстанда дипломды 200 мың теңгеге жасап сатады

Қазір ғаламторда не жоқ, бәрі бар.  Кез келген құжатты қолдан жасап беруге даяр интернет-дүкендер күннен-күнге көбейіп келеді, деп хабарлайды 31 арна.

Көлеңкелі бизнестің көсегесі бүгінде ғаламтор арқасында көгеруде. Кәсіпкерлер кез келген оқу орнының дипломын, көлік құжатын, тіпті мектеп аттестатын да бірнеше күннің ішінде пысықтап береді екен. Ақысын

  • 18 Мамыр 2017
  • 564
Фото - Caravan.kz

Көлеңкелі бизнестің көсегесі бүгінде ғаламтор арқасында көгеруде. Кәсіпкерлер кез келген оқу орнының дипломын, көлік құжатын, тіпті мектеп аттестатын да бірнеше күннің ішінде пысықтап береді екен. Ақысын төлесең болғаны. Жасап отырған жұмыстары алаяқтықтан көрі делдалдыққа жататын сияқты. Себебі тапсырыспен жасалатын құжаттар көшірме емес, түпнұсқа деп сендіруде өздері. Жарнамасы мен мұндалап тұрғандардың бірімен тілдесіп те көрдік.

– Диплом керек

– Қай оқу орны, қандай мамандық?

– Қаз ҰПУ, Бейне графист

– 200 мың теңге.

– Кепіл бар ма түпнұсқа болатынына?

– Бұл нарықта ұзақ жұмыс істеп, қаражат табу жоспарымызда бар. Ішкен құдығымызға түкірмейміз ғой.

Күмәнді бизнеспен айналысып жүрген кәсіпкерлер ешкімнен қорықпайтын сияқты. Тіпті тапсырыс берушілердің суреттерін, олардан келген алғыс, тілектердің барлығын мақтана парақшаларына іліп қойған. Алайда заңгер Сергей Уткин бұл заңға өрескел қайшы, қылмыстық іс деп отыр. Оны іске асырып отырған топ не тым ақымақ, не қолдаушыларына сенеді -дейді.


“Бұл қылмыстық бап екені анық. Тапсырыс беруші үшін де, құжат жасап жүрген адамдар үшін де. Бұл құжатты жұмысқа тұру үшін, не болмаса нендей бір өзге мақсаттарға пайдалану да қылмыс”, – дейді заңгер Сергей Уткин.

Ішкі істер министрлігінің мәліметтері бойынша, биылғы жылдың өзінде жалған құжат жасаған немесе заңсыз жасалған құжат сатқан дерегімен мың жарымнан астам қылмыстық іс қозғалған. 49 жағдай дәл осы дипломдарға қатысты. Оның ішінде қылмыстық жауапкершілікке 170-ке жуық адам тартылыпты. Бірақ, нақты осы жағдай туралы ақпарат беруге уәде еткен Ішкі істер министрілігінің өкілі сол күйі жауап бермеді.

Соңғы жаңалықтар