Қазақстанда ескі автомобильдерді сатып алу уақытша тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ескі автомобильдерді сатып алу уақытша тоқтатылды

Қазақстанда ескі автомобильдерді сатып алу уақытша тоқтатылды

Қазақстанда ақшалай өтемақы төлеуді қарастыратын ескі автомобильдерді қабылдау уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

  • 18 Тамыз 2017
  • 339
Фото - Caravan.kz

«Аталмыш шара — ҚР Энергетика министрлігінің 2017 жылға бөлген квотасының мерзімінен бұрын игерілуіне байланысты. Қазіргі таңда «Оператор РОП» ЖШС ескі автомобильдерді сатып алу бағдарламасы бойынша қосымша квотаны келісуді күтіп отыр, «Оператор РОП»тиісті өтінімді  ҚР Энергетика министрлігіне жолдады», — делінген ресми сайтта.

Сондай-ақ компанияда атап өткендей, Қолданыстан шыққан көлік құралдарын кәдеге жарату бағдарламасы бойынша жеңіл, жолаушылар және жүк көліктерін 650 мың теңгеге дейінгі жеңілдік сертификатына алмастыру жалғасуда. Толық ақпаратты 8 800 080 0865 нөмірі арқылы немесе  auto.recycle.kz сайтынан алуға болады. 


 

Соңғы жаңалықтар