Қазақстанда нөсер жауын жауып, ауа райы тұрақсыз болады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда нөсер жауын жауып, ауа райы тұрақсыз болады

Қазақстанда нөсер жауын жауып, ауа райы тұрақсыз болады

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты барлық аймақтарда ауа райы тұрақсыз болып, жауын жауып, оңтүстік шығыстағы бірқатар аймақтарда күшті жауын болады.

  • 22 Сәуiр 2017
  • 343
Фото - Caravan.kz

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейіп, солтүстікте көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, кей жерлерде желдің екпіні 23 метрге дейін барады, жекелеген аудандарда көктайғақ болады деп күтілуде. Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында желдің күші 15-22 метр/секундқа дейін күшейеді.

Қостанай, Қарағанды, облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күші 15-20 метр/секундқа жетеді деп күтілуде.


 

Соңғы жаңалықтар