Қазақстанда ҰҚК зейнеткерлерін жерлеуге арналған төлемақы өседі - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ҰҚК зейнеткерлерін жерлеуге арналған төлемақы өседі

Қазақстанда ҰҚК зейнеткерлерін жерлеуге арналған төлемақы өседі

Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері қайтыс болғанда төленетін қаржы зейнетақының үш айлық мөлшеріне теңестіріледі

Бұл туралы

  • 22 Қаңтар 2018
  • 214
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Қазақстанда арнаулы мемлекеттік органдарда жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге қарастырылған төлемақы мөлшерін көбейту жоспарланып отыр. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Нұржан Әлтаев хабарлады.

Бұл өзгеріс кейбір заңнамалық актілерге әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы аясында қарастырылып отыр. Бүгінде зейнетке шыққан қызметкер қайтыс болған кезде оны жерлеуге біржолғы төлемақы беріледі.

Қазіргі заң бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті, "Сырбар" сыртқы барлау қызметі мен Мемлекеттік күзет қызметінде 25 жыл және одан да көп еңбек еткен адамдарға қайтыс болған жағдайда 80 АЕК (2018 жылы 192 400 теңге) мөлшерінде төлемақы көзделген.

Ал қорғаныс министрлігі, ҰҚК шекара қызметі, Ұлттық ұлан, ішкі істер министрлігі, прокуратура қызметкерлеріне үш айлық зейнетақы мөлшерінде шамамен 360 мың теңге төленеді.


Жаңа заң жобасында осы айырмашылық реттелмек.

"Президент әкімшілігінің ұсынысы бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың зейнеткерлерін жерлеуге берілетін бір реттік төлемнің мөлшерін 80 айлық есептік көрсеткіштен үш айлық зейнетақы мөлшеріне дейін өсіру қарастырылып отыр", — деді Әлтаев заң жобасын таныстыру барысында.

#зейнеткерлер #қазақстанда #ҰҚК
Соңғы жаңалықтар