Жарияланды: 140

Қазақстанда жаңа мереке енгізу ұсынылды

Қазақстанда жаңа мереке енгізу ұсынылды

Қазақстан 100 миллион адамды нан өнімдерімен қамтамасыз ете алатын ел.

Қазақстанда жаңа мереке енгізу ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай ұсынысты Парламент Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев айтты.

Ол "Халық коммунистері" фракциясы мүшелерінің пікірін жеткізді. Айтуларынша, Қазақстан 100 миллион адамды нан өнімдерімен қамтамасыз ете алатын ел.

"Сонымен қатар, бізге механизаторлардың, аграрлық ғылым өкілдерінің, элеваторлардың, наубайшылардың және нан өнімдерін сататын адамдардың еңбегін айтып өту керек. Ең басты азық-түлікті құрметтеудің түрлі әдістерін көріп отырмыз. Мысалы, Италияда қызанақ күні, Грекияда шарап күні, Голландияда қызғалдақ пен ірімшік күні, ал Германияда сыра күні аталып өтеді. Ал біз енді жыл сайын осылай нан күнін атап өтуді ұсынамыз", - деді депутат Владислав Косарев.

Оның айтуынша, осы күні нан өнімдерін сататын дүкендер мен алаңдарда халыққа тегін нан-тоқаш беру керек.

"Нан өнімдерін шығаруда жоғары нәтиже көрсеткен механизаторларға, наубайшыларға құрмет көрсетуді ұсынамын. Билік өкілдері осы күні науқастарға, егде жастағы адамдаға барып, оларға бауырсақ немесе нан-тоқаш апарып бере алады", - деді мәжілісмен.
 

Пікір қалдырыңыз

[X]