Жарияланды: 92

Қазақстандағы қой етінің сапасын қытайлықтар келіп тексеріп жатыр

Қазақстандағы қой етінің сапасын қытайлықтар келіп тексеріп жатыр]

Қазақстанның ветеринарлық жүйесіне баға беру үшін, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде Қытайдың Сапа, тексеріс және карантинді бақылау бойынша Бас басқармасы (AQSIQ) мен Сертификаттау мен тіркеу жөніндегі Бас басқармасының өкілдерімен кездесу өтті деп жазады Қазақпарат.

Ағымдағы жылдың 19-27 сәуір аралығында қытай делегаттары Министрлік пен «Атамекен» ҚР ҰҚП және Сарапшылар қауымдастығы ұсынған қой етін өндіретін кәсіпорындарға тексеру жүргізеді, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Арнайы инспекция қазақстандық әріптестерімен бірлесіп еліміздің 5 өңіріндегі ірі ет өндіруші кәсіпорындардың жұмысымен танысуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта, Қытайдың СТКБББ және СТББ-на әлем бойынша 100-ден аса мемлекет 10 мыңнан аса ұсыныс тастап кезегін күтуде. Алайда, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрi Асқар Мырзахметовтің ағымдағы жылдың сәуір айының басында Қытай Халық Республикасына іссапары аясында жасалған келіссөздердің арқасында, Қазақстаннан түскен ұсыныстарға айрықша мән беріліп, мерзімі жеделдетілді.

Тексеру нәтижесінің қорытындысы бойынша, қазақстандық қой етін қытай нарығына шығаруға рұқсат беру мәселесі қарастырылады. Сонымен қатар, ҚХР-ге шығарылатын қой еті өнімдеріне қойылған ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес болуы сөз болады.

Пікір қалдырыңыз

Сіздің пікіріңіз,

[X]