Қазақстандағы жанар-жағармай бағасын Еуропа елдерімен салыстырғым келмейді – министр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы жанар-жағармай бағасын Еуропа елдерімен салыстырғым келмейді – министр

Қазақстандағы жанар-жағармай бағасын Еуропа елдерімен салыстырғым келмейді – министр

ТМД мемлекеттерімен салыстырғанда еліміздегі бензиннің бағасы өте төмен. Ал Қазақстандағы жанар-жағармайдың бағасын Еуропа елдерімен сал

  • 1 Маусым 2017
  • 417
Фото - Caravan.kz

ТМД мемлекеттерімен салыстырғанда еліміздегі бензиннің бағасы өте төмен. Ал Қазақстандағы жанар-жағармайдың бағасын Еуропа елдерімен салыстырғым келмейді. Бұл туралы халыққа есеп беру кезінде Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Жиында Энергетика министрі еліміздегі бензин бағасының көрші мемлекеттермен салыстырғанда арзан екендігін атап өтті.

«Біз нарықтық экономика заманында өмір сүріп жатырмыз. Қазақстан 5 мемлекетпен шектеседі. Түрікменстанды қоспағанда, 4 елде жанармай құю бекеттеріндегі баға әлдеқайда жоғары. Егер біз (жанар-жағармай – автор) бағасының арзан болғанын қаласақ, оған шектеу қойылатындығын түсінуіміз керек. Бұл – нарықтық экономиканың қарапайым заңдылығы», — деді ол.

Сонымен қатар Қанат Бозымбаев отандық бензиннің бағасын Еуропа мемлекеттерімен салыстыруға келмейтіндігін алға тартты.

«Мен Қазақстандағы жанар-жағармайдың бағасын Еуропа елдерімен салыстырғым келмейді. Себебі, мемлекеттер арасындағы табыста айтарлықтай айырмашылық бар. Бірақ, ТМД елдерімен салыстырғанда Қазақстандағы бензиннің бағасы өте төмен», — деді министр.


Осыған байланысты ведомство басшысы осы салада ашықтықты сақтау үшін тиісті шаралардың жүргізілетіндігін жеткізді.

«Министрлік тарапы бағаны белгілеуде ашықтықты сақтауға жағдай жасайтын боламыз. Сондай-ақ, мұнайдың ішкі нарықта жетуіне пайдалы экономикалық жағдайды жасаймыз. Сондықтан біз биржадағы мұнай өнімдерінің сауда-саттығын дамыту, болашақта салық саясатын өзгерту сынды құралдарды дамытамыз», — деп түйіндеді сөзін Қанат Бозымбаев.

Айта кетейік, Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың халыққа есеп беру кездесуі «Қазмедиа» орталығында өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар