Қазақстандық блогер жағдайына қарамай бала санын көбейткіш ата-аналарды сынады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық блогер жағдайына қарамай бала санын көбейткіш ата-аналарды сынады

Қазақстандық блогер жағдайына қарамай бала санын көбейткіш ата-аналарды сынады

Бұл туралы Stan.kz жазады.

«Қазақстанда тұрған кезімізде менің айлығым 180 мың теңге болды. Әйелімдікі бұдан аздау. Тұратын баспанам мен көлігім де жоқ еді. Мен балалы болсам оған қажеттінің барлығын бере алуым керек. Сондықтан әйеліммен ақылдаса келе тұңғышымызды дүние

  • 4 Тамыз 2017
  • 685
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанда тұрған кезімізде менің айлығым 180 мың теңге болды. Әйелімдікі бұдан аздау. Тұратын баспанам мен көлігім де жоқ еді. Мен балалы болсам оған қажеттінің барлығын бере алуым керек. Сондықтан әйеліммен ақылдаса келе тұңғышымызды дүниеге әкелуге дайындалдық.

Ол дегеніңіз Қазақстанда және өзге де елде екеуміз де медициналық тексеруден толық өттік. Себебі дені сау ұрпақ қажет. Қажетінше ем қабылдадық. Содан Исатай есімді баламыз дүниеге келді»,-дейді  Бекзат өз сөзінде.

Бір баланың әкесі екінші рет әке атанып, бала санын көбейтуге еш асықпайтынын ашық жазған. Себебі, өзін және әйелі мен баласын «тәтті» өмірден шектегісі келмейді.

«Бір баланың өзінің шығыны қазірге жетіп артылады. Балаң мықты дәрігерге қаралуы керек, сапалы тамақтанып, жақсы киінуі шарт. Қарапайым жөргектің өзінде қымбаттауын аламыз. Себебі ол баланың нәзік терісін зақымдамайды.

Әрине мұның барлығы ақша. Бұл ретте бала санын арттырып, өзіміздің мына әлеммен байланысты үзбеуіміз керек. Балаға қажеттінің барлығын беру-ата-ананың міндеті. Жақында бірге толатын балаға кішкентай күнінен саяхаттауды үйреткім келеді. Ертең балабақшаға барса жақсы оқытатын, денсаулығына, білімінің артуына ықпал ететін үйірмелерге қатыстырғым келеді. Мұның барлығы заманның талабы, менің міндетім»,-дейді блогер.

Бекзат қазақы тәрбиедегі ата-аналар мен ағайындардың «жалған» сөзі өзгелердің өмірін өзгертетініне сенімді.

«Баланы көбейтіңдер, қарасамыз» дейді ағайындар. Туғаннан кейін бәрінің шаруасы тығыз болып қалады. Немесе өз үйлеріндегі балаларына уақыт таппай жүрген болады. Кезінде қатты ауырдым. Әйелім және баламның көзіне қарап бір сөз айтуға қорқатынмын. Жаңалықтарды қосып қалсаң, жеті баласы бар әйел елден көмек сұрап, жылап отырады.


Күйеуі туғызып алып қайда кеткені белгісіз. Әйеліме  «Мен өлсем 200 адам шақырып ас бермей-ақ қойыңдар. Тіпті мәтханада қалдырыңдар, мен үшін қиналмаңдар. Маған десе далада қалайын сендер қиналмаңдар» деп айтып жібергің келеді. Әрине бұл қазір күлкілі. Бірақ, сол кезде  осындай ойлардың келгені рас. Сол үшін әр адам өз “күшіне” қарап әрекет еткені дұрыс.

«Менің қанша баланы өсіруге шамам жетеді» деп өз-өзіне есеп беруі керек. Менің балам заманына лайықты, еркін, өз орнын таба алатын,білімді болуы міндет деп қарауы керек. Осындай ата-аналарды сыйлаймын. Әрине бұл өзімшілдік. Дегенмен саналы түрде әрекет етуге жетелейтін өзімшілдік »,-дейді Бекзат.

Блогер туысқандары мен достарының қазірдің өзінде екінші перзенттің қашан дүниеге келетінін сұрап, жиі мазалайтынын айтады. Бірақ отбасылық есепті осылайша жүргізетін азамат еш асықпайтынын жазған.

«Мен кеш үйленетін адамдарды, үйленіп алып балалы болуды кейінге қалдыратындарды түсінемін. Олардың ұстанымдарына сыйластықпен қараймын. Бұл есті адамдардың әрекеті»,-дейді блогер.

Бекзаттың осы жазбасына орай желі қолданушылары түрлі пікірлерін жазған. Көпшілігі мұндай есептің дұрыстығын мойындағанымен, «дүние қолдың кірі» бірде бар, бірде жоқ деген түсініктегілер көп болып тұр. Ал сіз қалай ойлайсыз?

Соңғы жаңалықтар