Жарияланды: 110

Қазақстандық ғалымдар адам өмірін ұзартатын өнім ойлап тапты

Қазақстандық ғалымдар адам өмірін ұзартатын өнім ойлап тапты

Аталған өнімді Назарбаев университетінің ғалымдары ойлап тапты.

Астанада өтіп жатқан жалпыұлттық көпір барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев адам өмірін ұзартуға септігін тигізетін өнімді шығаруға рұқсат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде біздің зерттеулеріміз бизнес тарапынан сұранысқа ие бола бастады. Бір жобамыз нақты зерттеуден бастап өндіріске дейінгі кезеңді қамтитын ұзақ жолдан өтті. Бүгін «Нәр» атты инновациялық өнімді көрсеткіміз келіп отыр»,  - деді Назарбаев университінің вице-президенті Қанат Байғарин.

Аталған өнімді «Родина» агрофирмасы» ЖШС негізінде шығару жоспарланған. Компания басшысы Иван Сауэрдың айтуынша, «Нәр» адамның иммунитетін көтеріп қана қоймай, өмірді де ұзартады.

Президент аталған өндірісті іске қосуға рұқсат берді.

Пікір қалдырыңыз

[X]