Қазақстандықтардың атаулы жалақысы азайып барады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтардың атаулы жалақысы азайып барады

Қазақстандықтардың атаулы жалақысы азайып барады

Елімізде 2017 жылдың IV тоқсанында бір жұмысшының орташа есеппен атаулы жалақысы 163,7 мың теңге болды

  • 31 Қаңтар 2018
  • 203
Фото - Caravan.kz

Статистика комитетінің деректеріне сүйенсек, жоғарыда аталған тоқсанда атаулы жалақы 5,9%, ал негізгі қолға алатыны 1,4% жоғарылаған, деп хабарлайды Вaq.kzақпарат агенттігі LS басылымына сілтеме жасап.

Ең жоғары атаулы еңбекақы қаржы және сақтандыру саласында 316,1 мың теңге, ақпарат саласында 249,3 мың теңге, өнеркәсіп саласында 234,3 мың теңге, құрылыс саласында 218,1 мың теңге болды.

Атаулы жалақының ең төмен көрсеткіші ауыл, орман және балық шаруашылығында болып шықты. Бұл саланың мамандары 96,7 мң теңге алады. Мұндай көрсеткіш республика бойынша орташа жалақы көрсеткішінен 41% төмен.


Аймақта ең жоғары атаулы еңбекақы Атырау облысында тіркелді. Ол 288,2 мың теңгені құрады. Бұл республикалық орташа жалақы көрсеткішінен 1,8 есе көп. Жамбыл облысында орташа жалақы 107 мың теңге, еліміздегі орташа еңбекақыдан 34,6% аз.

Соңғы жаңалықтар