Жарияланды: 110

Қазақстаннан аударылатын ақша көбіне Ресей мен Өзбекстанға жіберіледі

Қазақстаннан аударылатын ақша көбіне Ресей мен Өзбекстанға жіберіледі

Қазақстаннан шетелге аударылатын ақша көбіне Ресей мен Өзбекстанға жіберіледі.

2017 жылдың 10 айында аталған екі елге 228 млрд теңге аударылыпты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда осы жылдың қаңтар-қазан айы аралығындағы ақшалай аударым көлемі 398,8 млрд теңгені құрады. Ол былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 26,9%-ға көп.

Елімізден шетелге жіберілген ақшалай аударымдардың жартысынан көбі Өзбекстан мен Ресейге жасалған. Өзбекстанға 75,5 млрд теңге, ал Ресейге 152,2 млрд теңге жөнелтілген.

Қырғызстан да осы үздік үштікке кірді. Көршілес елге 32,7 млрд теңге аударылыпты.

Пікір қалдырыңыз

[X]