Қазақстанның көптеген облыстарында жолдар жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның көптеген облыстарында жолдар жабылды

Қазақстанның көптеген облыстарында жолдар жабылды

31 наурызда Қазақстанның көптеген облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік құралдарының барлық түрі үшін жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына сілтеме жасап. 

  • 1 Сәуiр 2017
  • 340
Фото - Caravan.kz


Павлодар облысында (186-220 шақырымында) жолды су басқан. Шығыс Қазақстан облысында қардың еруіне байланысты (8-166 шақырымында) Семей — Қайнар тас жолы жабылды. Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты жел, қар, көру мүмкіндігінің төмендігіен) Көкшетау — Атбасар (48-184 шақырымында), Қостанай облысында (232-260 шақырымында) Қостанай — Әулиекөл — Сұраған жолдары және Жезқазған — Петропавл тасжолы жабылды. Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюі, боран) байланысты барлық көлік түрлері үшін жолдар жабылды.  Осыған дейін, 31 наурыздан 2 сәуірге дейін күннің жылынуына байланысты Шығыс Қазақстан облысындағы өзендердің деңгейі көтерілетіні және су басу қауіпі бары туралы хабарланды. 
 

Соңғы жаңалықтар