Жарияланды: 195

Қазақстанның өте қолайлы өз Ватсабы болады

Қазақстанның өте қолайлы өз Ватсабы болады

Алдағы уақытта еліміздің өз чаты, яғни хат немесе басқа да ақпараттық материалдарды алмасуға мүмкіндік беретін мобильді коммуникациялық жүйесі болады, деп хабарлайды Қамшы.

Алматы қаласындағы Айсер қонақ үйінде осы жүйенің жасаушы авторы Дәурен Қазыбекұлының және өзге де IT мамандарының қатысуымен конференция болып өтті. Конференция барысында бағдарлама қызметі егжей-тегжейлі таныстырылды. Бұл жүйе Indigo24 деп аталады. Indigo24 қазіргі қолданыстағы Whatsapp, Wechat, Viber сынды танымал желілердің отандық түрі болмақ және оның ерекшелігі мен тиімділігі өте көп.

Ең негізгі ерекшелігіне тоқталар болсақ, хабарламаны уақыт белгілеу арқылы жіберуге, яғни ертеңгі уақытты жоспарлау арқылы алдын-ала жіберуге болады. Видеоконференциялар, тікелей эфирде байланысқа шығу сынды тетіктері іске қосылған. Сонымен қатар, ақша аударымдарын жүзеге асыруда банкомат карточкаларына, жеке есеп-шотқа жүйе ішінде аударымдар жасауға, комуналдық төлемдер мен сатып алу төлемдерін жасау кезінде, кинотеатр және өзге де жол жүру билеттеріне тапсырыс беруде кеңінен пайдалануға болады. Бір қызықтыратыны, like басу ақылы, яғни бір теңге болса, сізге басылған лүпілден есеп-шотыңызға сол ақша түседі. Бұл арқылы қайырымдылық шараларымен қатар басқа да пайдалы істерді жүзеге асыруға болады. Wechat, Whatsapp тәрізді желілердің бүкіл функциясы Indigo24 жүйесінде қамтылған. Болашақта бүкіл әлемдік қолданысқа шығару жоспарланған. Негізгі шет тілдерінің барлығы енгізіліп, аталған қызметтердің барлығын орындауға әзір алғашқы отандық бағдарлама болып табылады.

«Қазір елімізде жан жақты жарнамалау жұмыстары жүріп жатыр, тіпті шет елдік компаниялар осы жүйемен бірігіп жұмыс жасауға қызығушылық танытуда», - дейді идея авторы кәсіпкер Дәурен Қазыбекұлы.

Журналисттердің қатысуымен өткен конференция келген қонақтардың барлық сұрағын қанағаттандырып қоймай, қатты қызығушылығын тудырды. Өзіміздің Whatsapp-ымыз болатыны кез келген қазақстандық үшін қуанарлық жаңалық екені сөзсіз. Ал, іске сәт!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің пікіріңіз,

[X]