«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары тағайындалды

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары тағайындалды

Бауыржан Бишенов «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

  • 28 Қыркүйек 2017
  • 248
Фото - Caravan.kz

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бұйрығымен басқарма төрағасының орынбасары Талғат Әдуовтің орнына Бауыржан Бишенов тағайындалды», — делінеді хабарламада.

2016-2017 жылдары АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарып келген Талғат Әдуов ҚР Премьер-Министрі Канцеляриясы басшысының орынбасары лауазымына ауысты.

Бауыржан Бишенов 1983 жылы туған, құқықтану мамандығы бойынша «Әділет» құқық жоғары мектебін, юриспруденция мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Ақмола көлік прокуратурасынан бастаған. 2006 жылы Астана Денсаулық сақтау департаменті материалдық-техникалық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің бас маманы болды. 2006 жылдан 2008 жылға дейін ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Заң департаментінің Заң шығармашылығы қызметі басқармасында жұмыс істеді.

2008-2012 жылдар аралығында «Жолаушы тасымалы» АҚ-та кінәрат-қуыным және нормативтік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бастығы, заң басқармасының кінәрат-қуыным жұмысы бөлімінің бастығы, заң қызметінің бастығы лауазымдарында жұмыс істеді.


2011 жылдың қарашасынан 2015 жылдың желтоқсанына дейін «ҚазАгроҚаржы» АҚ құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры, басқарушы директоры, Атқарушы директоры лауазымдарын атқарды, басқарма мүшесі. 2015 жылдың желтоқсанынан 2017 жылғы қыркүйекке дейін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор, басқарма мүшесі болды.  

 

Соңғы жаңалықтар