Қазгидромет алдағы үш тәулікке ауа райы болжамын жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазгидромет алдағы үш тәулікке ауа райы болжамын жариялады

Қазгидромет алдағы үш тәулікке ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер алдағы үш күндегі ауа райына болжам жасады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

  • 24 Сәуiр 2017
  • 280
Фото - Caravan.kz

Батыс облыстарда ауа райы бұлтты болып, алдағы тәуліктерде найзағай ойнап, жауын-шашын түседі, екпінді жел соғады. Циклонның шығысқа ығысуына орай республиканың басым бөлігінде осындай құбылыстар орын алады.

Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысында алдағы үш тәулікте ауа райы жауын-шашынсыз  болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыста күндіз ауа райы +23-30 градус жылынса,  республика шығысында +20-25 градус болады.

Астана қаласы бойынша ауа райы болжамы

25  сәуір: ашық, жауын-шашынсыз. Жел — оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 5-10 м/с. Түнде температура  +5+7°С, күндіз  +22+24°С болады.

26 сәуір: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан   9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде температура +9+11°С, күндіз +23+25°С.

27 сәуір: көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жауын жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан  9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде температура +9+11°С, күндіз +18+20°С.


Алматы қаласы бойынша ауа райы болжамы

25 сәуір: көшпелі бұл шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Температура түнде  +10+12°С, күндіз +23+25°С.

26 сәуір: көшпелі бұл шығады, жауын-шашынсыз. Жел  0-5 м/с. Температура түнде +11+13°С, күндіз +27+29°С.

27 сәуір: көшпелі бұл шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Температура түнде +11+13°С, күндіз +28+30°С.

 

Соңғы жаңалықтар