Қажылыққа қырықтан асқандар ғана баратын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қажылыққа қырықтан асқандар ғана баратын болды

Қажылыққа қырықтан асқандар ғана баратын болды

Бұдан былай Тәжікстаннан қажылыққа аттанатындардың жасына шектеу қойылатын болып отыр. Үкімет шешімі бойынша енді қасиетті мекенге қажылық жасау тек 40 жастан асқандар үшін ғана қолжетімді болмақ.

  • 24 Маусым 2017
  • 979
Фото - Caravan.kz

Ескерте кетейік, қажылық сапарына байланысты жас шектеуі тәжік елінде осымен үшінші рет енгізіліп отыр. 2010 жылы Тәжікстан билігі кәмелетке толмағандар мен 80-нен асқан қарияларға қажылық жасауға тыйым салған болатын. Ал, бірнеше жыл өткен соң 35 жасқа толмағандарға тыйым салынды, деп жазады Muslim.kz.

Былтырғы жылы Тәжістан мемлекетінен қажылық сапарына 6 000 жан аттанған екен. Елдің Дін істері комитеті жыл сайын Сауд Арабиясы билігіне бөлінетін квота санын көбейтуді сұрап келе жатқанымен, әзірге көңіл көншітерлік жауап ала алмаған.


Соңғы жаңалықтар