Қорғаныс министрлігі қазақстандық әскери қызметшілердің ең төменгі жалақысы қанша екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қорғаныс министрлігі қазақстандық әскери қызметшілердің ең төменгі жалақысы қанша екенін айтты

Қорғаныс министрлігі қазақстандық әскери қызметшілердің ең төменгі жалақысы қанша екенін айтты

ҚР Қорғаныс министрлігі кадрлар департаментінің бастығы Қайрат Көпбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында қазақстандық әскери қызметшілердің ең төменгі жалақысы қанша екенін айтты.

  • 3 Қараша 2017
  • 406
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі таңда офицерлерді марапаттау еселеп артты. Әскери қызметшілердің ақшалай қаражаттары 25%-ке көбейді. Қазір біздің офицерлер алатын ең төменгі жалақы 170 мың теңге, ал келісімшарт бойынша қызмет өткеретіндер 100 мың теңге алады. Бұрын жалақы айтарлықтай аз болатын», — деп мәлімдеді әділет полковнигі Қайрат Көпбаев.

Департамент басшысы жалақысы көбейгеннен кейін қазақстандық әскери қызметшілердің қызметті өткеруге деген ынтасы арта түскенін тілге тиек етіп, армияға барғысы келетіндердің саны жыл сайын 30 — 35%-ке артып келе жатқанын айтты. «Қазір армияда қызмет ету — абыройлы іс. Сондықтан да кандидаттарды іріктеу талаптарын қатаңдатамыз. Кандидаттардың психофизиологиялық күйіне ерекше мән беріледі», — деді Қайрат Көпбаев.



 

Соңғы жаңалықтар