Қорқыт ата мұрасы ЮНЕСКО қорғауына алынуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қорқыт ата мұрасы ЮНЕСКО қорғауына алынуы мүмкін

Қорқыт ата мұрасы ЮНЕСКО қорғауына алынуы мүмкін

Түркі халықтарына ортақ абыз – Қорқыт атаның ұрпаққа қалдырған мәдени жәдігерлерінің ЮНЕСКО-ның мәдени мұралары тізіміне енетін кү

  • 13 Наурыз 2017
  • 321
Фото - Caravan.kz

Түркі халықтарына ортақ абыз – Қорқыт атаның ұрпаққа қалдырған мәдени жәдігерлерінің ЮНЕСКО-ның мәдени мұралары тізіміне енетін күні жақын деп жазады Хабар-24. 

Сөйтіп, қазақ сахарасында туған ұлы тұлғаның күллі рухани туындысы барша адамзаттың құнды мирасқоры саналып, арнайы қорғауға алынбақ. 

Қорқыт туралы сан тарау аңыз бар. Сол құндылықтарды жіктеп-жіліктеп сақтап, өскелең ұрпаққа табыстау мақсатында Сыр елінде Қорқыт ата және өлкетану ғылыми зерттеу институты құрылды.

– Қорқыт ата мұралары – бүкіл түркітілдес елдерге ортақ мұра, ортақ рухани қазына. Дегенмен Қорқыттың күйлері басқа халықтарда кездеспейді. Сондықтан біздің Қорқыт ата күйлерін таңдап ұсынуымыздағы да негізгі мақсаттың бірі – осы Қорқыт ата тұлғасының біртабан болса да, қазаққа жақын екендігін көрсету. Біздің ұлттық топырақта, әсіресе Сыр өңірінен шыққан орта ғасырлардағы перзенті ретінде көрсету – негізгі мақсаттың бірі, дейді филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ғабит Тұяқбаев.


Отандық ғалымдардың зерттеу еңбектері, дәлелдемелері ЮНЕСКО ұйымы мен ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияға тапсырылған. Қорқыт атаның бай дүниесі жаһан жұртын қызықтырады. Оған дәлел 3 жыл бұрын қайта жаңғыртылған бабаның мемориалды кешенін тамашалауға былтыр 16 мыңнан астам шетелдік қонақ келген. Сол себепті киелі кесене «ЭКСПО-2017» көрмесінің туристік бағытына қосылып отыр.

Соңғы жаңалықтар