Қостанайда 13 жастағы қызды азғырған мектеп мұғалімі сотталатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда 13 жастағы қызды азғырған мектеп мұғалімі сотталатын болды

Қостанайда 13 жастағы қызды азғырған мектеп мұғалімі сотталатын болды

52 жастағы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі былтыр жылдың соңында ұсталған болатын. Осы уақытқа дейін оның үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп келді. Қазір бұл іс сотқа жолданып отыр деп мәлімдеді Қостанай облыстық прокуратурасының басқарма басшысы Қайрат Жүсіпов.

  • 7 Сәуiр 2017
  • 421
Фото - Caravan.kz

Ер азамат 13 жастағы оқушы қызды азғындады деп айыпталып отыр. Жеткіншек Қостанай қаласындағы орта мектептердің бірінде 7-сыныпта оқиды екен.

«Сотқа дейінгі тергеу амалдары барысында оның әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің өзге бабына өзгертілді, яғни педагог жеткіншекті азғыруы бойынша сотталатын болады», — дейді прокурор Қ.Жүсіпов.

Прокуратура тарапынан тергеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қылмыстық іс Қостанай облысы жасөспірімдер ісі бойынша ауданаралық мамандандырылған сотына жолданып отыр. Енді мұғалімнің тағдырын сот шешетін болады.


Соңғы жаңалықтар