Қостанайлық әйел 27 жасында он екі баланың анасы атанған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайлық әйел 27 жасында он екі баланың анасы атанған

Қостанайлық әйел 27 жасында он екі баланың анасы атанған

Бұл туралы “Егемен Қазақстан” басылымы хабарлайды.

«Қарлыға балалар үйінде тәрбиеші болып жұмыс істеді. 26 баланы қырық шақты күтуші жабылып қарайтын. Қазақ тобында он бала бол

  • 4 Қыркүйек 2017
  • 505
Фото - Caravan.kz

«Қарлыға балалар үйінде тәрбиеші болып жұмыс істеді. 26 баланы қырық шақты күтуші жабылып қарайтын. Қазақ тобында он бала болды. Ол кезде жұбайым екеуміздің екі баламыз бар еді. Жолдасымның денсаулығына байланысты, дәрігерлер екі ұлдан кейін құрсақ көтеруге болмайтындығын ескертті. «Көп балалы болсақ» деген тілек жанымызға маза бермей, ақыры, әкімнің орынбасарына бала асырап алу туралы шешімімді айттым», – дейді отағасы Нұрлан.

1504337178__a672d1f85decf018416c9cbaca366a0e

Қос жастың шешіміне қолдау көрсеткен сол кездегі Торғай облысының әкімі Жақан Қосабаевтың басшылығымен үш бөлмелі үй тарту еткенін ризалықпен еске алысты.

1504337261__76c3829c085290673b8024ffca82d1cb


“Қолымызда азын-аулақ малымыз болды. Сонымен күнделікті ішіп-жемімізді айырдық. Сүт пісіріп, қаймағын алдық, май шайқадық. Айран ұйытып, құрт жасадық дегендей. Өзіміз жемесек те, шошқа бақтық. Бір шошқа он төл береді, бір қойдың бір қозысын қонақ жеп қояды, болмаса өліп қалады. Тауық ұстап, жұмыртқа саттық. Бәрін істедік. Біздің қашанғы әдетіміз – ерте тұрып, ерте ұйықтау. Кім көп еңбек етсе, бақ соған қонады”, – дейді олар.

Қазір балалар түгелдей дерлік отау көтеріп, шаңырақ құрған. Бүгінде бауыр еті балаларынан он немере сүйген Нұрлан мен Қарлыға Жаратқаннан жарылқау тілеген батагөй ата-әжеге айналып отыр.

Соңғы жаңалықтар