ҚР ИДМ: тергеу аяқталғанша ЯК-12 ұшақтарын пайдалану тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ИДМ: тергеу аяқталғанша ЯК-12 ұшақтарын пайдалану тоқтатылды

ҚР ИДМ: тергеу аяқталғанша ЯК-12 ұшақтарын пайдалану тоқтатылды

ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті тергеу аяқталғанша ЯК-12 ұшақтарын пайдалануды тоқтатты, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.

  • 27 Шiлде 2017
  • 223
Фото - Caravan.kz


Алматы облысы Панфилов ауданындағы «ТАК Қазавиа» ЖШС-не қарасты ЯК-12 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті тергеу аяқталғанша Қазақстан аумағында ЯК-12 ұшақтарын пайдалануды тоқтатты. Аталмыш оқиға бойынша тергеу амалдарын бастаған Өкілетті орган ҚР ИДМ-нің Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаменті. Еске сала кетейік, 2017 жылдың 27 шілдесінде ЯК-12 ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан 2 адам қаза тапты. Ұшақ авиахимиялық жұмыстарды атқарып жүрген.

 

Соңғы жаңалықтар