ҚР Қорғаныс министрлігі Астана әуе кеңістігінің жабылуы туралы шешім қабылдамаған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Қорғаныс министрлігі Астана әуе кеңістігінің жабылуы туралы шешім қабылдамаған

ҚР Қорғаныс министрлігі Астана әуе кеңістігінің жабылуы туралы шешім қабылдамаған

Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскери дайындыққа байланысты елордалық әуежай қызметінде болатын өзгерістер туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

ҚР Қорғаныс министрлігі Астана әуе кеңістігін жабу туралы шешім қабылдаған жоқ деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. "ҚР Қорғаныс министрлігі тарапынан "Астана" және "Қарағанды" аэродромдары аудандарында әуе кеңістігін пайдалануға ешқандай шектеу қойылмағандығы туралы хабарлаймыз", — делінген хабарламада.Ведомство мәлімдемесінде атап өтілгендей, әскери әуе кемелерінің белгіленген жол бағыттары азаматтық авиалайнерлердің "Астана" аэродромынан ұшып-қону кезіндегі ұшу кестелеріне кедергі жасаған жоқ. Сонымен қатар, жаттығулар аяқталғанға дейін азаматтық әуе кемелерінің ұшуына тиым салу шешімі Астана қаласы әуежайының диспетчері тарапынан өз бетінше қабылданған. Министрліктің мәліметінше, қазіргі кезде әскери авиацияның парадқа дайындық күні мен қысқа уақыттық шектеулер уақыттары нақтыланған және аэронавигациялық ақпаратқа (NOTAM) өзгерту енгізу туралы хабарламаға енгізілген, бұл авиакомпанияларға ұшып-қону уақыттарын уақтылы реттеуге мүмкіндік береді.

 

  • 21 Сәуiр 2017
  • 376
Фото - Caravan.kz


Соңғы жаңалықтар