Құмар ойын ОҚО-ның бүтін бір ауылын жұтатып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құмар ойын ОҚО-ның бүтін бір ауылын жұтатып кетті

Құмар ойын ОҚО-ның бүтін бір ауылын жұтатып кетті

ОҚО-дағы Қарабұлақ ауылының тұрғындары заңсыз ойын бизнесіне шағымданып отыр. Себебі ауылдағы ер азаматтар азарттық ойынға тәуелді болып отбасылық бюджетті түгелдей ұтысқа қойып жүр. Өз-өзіне қол салған ойыншы да бар. Тұрғындар тыныш өміріміз қорқынышты түске ұқсап кетті деп қапалануда.

  • 18 Мамыр 2017
  • 471
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

5 жасар Хумаюн атасын қатты құшақтап алып, үнемі әкесінің қашан келетінін сұрайды. Жеткіншек өзінің 25 жастағы әкесі Асроржон Маматалиевтің өмірден озғанын білмейді. Осыдан үш апта бұрын Хумаюннің әкесі өз үйінің шатырында асылып қалған.

«Жалақың қайда?» деп сұрадым. Үнемі аз әкеліп жүрді. Асылып қалғаннан кейін қалтасынан бар-жоғы 5 мың таптық, қалғаны жоқ. Әйелінің айтуынша, онда 90 мыңнан аса ақша болған», – дейді марқұмның әкесі Камалиддин Маматалиев.

Жас жігіттің өлімінен кейін, достары оның азарттық ойынға беріліп кеткенін және соңғы кездері көп жеңілгенін айтып берді. Ол ауылда жұмыс істеп тұрған екі ойын залының бірінде ақшасының бәрін ұтылып қалыпты.

Ауылдағы екі ойын залы да ешқандай жарнамасыз жұмыс істейді. Ал жұмыс күні қызған шақта мұнда адам көп болмайды.

Ғимарат әкімшісі журналистердің сұрағына жауап беруден бас тартты. Сол сәтте мониторлар өшіріліп, түсірілім тобынан сыртқа шығу талап етілді. Бұл жағдай екінші мекемеде де қайталанды.

Былтырғы жылдың қаңтар айында Қарабұлақ тұрғындары ойын залын жабу туралы қарсылық акциясына шыққан да еді. Халық бір емес, бірнеше рет әкімдікке де шағымданыпты, алайда олардың сөзін ешкім елемеген көрінеді. Тек жаңалықтардан көрсетілгеннен кейін заңсыз жұмыс істеп тұрған мекеме жабылған.

Асраржон Маматалив ойнаған ойын ережесі «Кено» мезеттік лотереясына ұқсас. Ойын билеттері қымбат емес, қолжетімді. Ұтыс онлайн түрде монитода жүргізіледі. Алайда бұрынғы ойыншының айтуынша, заңсыз залдарда орналасқан ойында ешкім ұтысқа ие бола алмайтындай «жағдай жасалған».


«Бұл ойынның бағдарламасында бір айланың бар екеніне сенімдімін. Қараңыз, төлемді компьютер қабылдайды, ал ойыншы таңдаған сандардың көбісі автоматты түрде ұтысқа қатыспайды, түсінесіз бе? Яғни, қойылған он санның әрі кетсе үшеуі сәйкес келуі мүмкін», – дейді бұрынғы ойыншы Михаил.

Облыстың экономикалық тергеу қызметіндегілер Қарабұлақтағы мекемені тексеріске алуға уәде етті. Олар аймақта ойын залдарының көбейіп бара жатқанын растап отыр. 2015 жылы аталған қызмет өкілдері 38 заңсыз мекемені әшкерелесе, 2016 жылы олардың саны 67-ге жеткен. Жыл басынан бері экономикалық тергеу қызметі 19 зал мен интернет-казино жүргізген 2 сайтты жапқан.

Соңғы жаңалықтар