Қуырылған картоп «фридің» денсаулыққа қауіпті екені анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қуырылған картоп «фридің» денсаулыққа қауіпті екені анықталды

Қуырылған картоп «фридің» денсаулыққа қауіпті екені анықталды

Жылдам тамақтану орындарында «фриді» қуыру үшін сиыр майының орнына өсімдік майы қолданыла бастағанымен, оның да денсаулыққа

  • 7 Қараша 2017
  • 392
Фото - Caravan.kz

Жылдам тамақтану орындарында «фриді» қуыру үшін сиыр майының орнына өсімдік майы қолданыла бастағанымен, оның да денсаулыққа қауіпті екені анықталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы The Sun-ға сілтеме жасап life.ru жазады.

Осыған дейін журналистер танымал «Макдоналс» жылдам тамақтандыру орындары индустриясында картоптың сиыр майына қуырылатынын анықтаған еді. Бірақ, біраз уақыт өткенде компания жетекшілері ондай майдан бас тартып, сиыр майы өсімдік майымен алмастырылды.

Алайда, мұнымен тағамның зияндылығы жойылмаған көрінеді.«Өсімдік майының құрамында кездесетін трансмайлар өте қауіпті. Тіпті, майдан да қауіпті», — деп жазылған хабарламада.


Бұған дейін АҚШ, Италия, Испания және Ұлыбританияның ғалымдары қуырылған картоппен жиі тамақтану адамның өмірін қысқартатынын анықтаған еді. Олар 45 және 79 жас аралығындағы 4400 адамға зерттеу жүргізді. Дәрігерлер олардың тамақтану процесін 8 жыл бақылаған. Осы жыл ішінде зерттеу нысанасына алынған 236 адам қайтыс болған.

Соңғы жаңалықтар