Қыдырәлі Болмановтың тағы да масқарасы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қыдырәлі Болмановтың тағы да масқарасы шықты

Қыдырәлі Болмановтың тағы да масқарасы шықты

Белгілі әнші Қыдырәлі Болмановтың орындап жүрген "Сүгірдің термесі" Сүгірге тиесілі емес болып шықты, деп хабарлайды Caravan.k

  • 13 Наурыз 2017
  • 13661
Фото - Caravan.kz

Белгілі әнші Қыдырәлі Болмановтың орындап жүрген "Сүгірдің термесі" Сүгірге тиесілі емес болып шықты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Бұл туралы ҚР Мəдениет қайраткері, профессор Амандық Көмекұлы әлеуметтік желіде жазды. Ол өз парақшасында сөзбе-сөз былай деген:

Қыдырәлі Болмановтың "Сүгірдің термесі" деп орындап жүрген термесі Елбайдың термесі. Оның ішінде бір ауыз Сүгірдің сөзі жоқ. Бұл вариантты Қыдырәлі Голливудқа барар алдында Ақтауға барған сапарында Секен Тұрысбеков екеуі біздің үйде екі күн қонақ болып, сонда Қыдырәліге Сүгірдің сөзінің орнына Елбайдың сөзін салып жазып бергенмін.
1985-жылдары, жастарды термеге тарту үшін Сүгірдің Ата қонысы Маңғыстауға көшерінде бауыр басып қалған Бес қала xалқымен қоштасарда айтқан ұзақ толғауының "Ауылға Сүгір келді деп," деген бөлшегін, Көшкі Жеменей Омар жыраудың сазын пайдаланып эстрадаға бейімдеп өзім салғанмын.

Алғаш рет бұл шығарманы үлкен саxнада, "Әнші балапанда" орындаған шәкіртім Ақылбек Жеменей Аязбайұлы Оңдасынов еді. Онда сөзі Сүгірдікі болғанымен сазы-әуені Сүгірдікі емес, Омар жыраудың "Ноғайлық" жыр сазы еді. Ал Қыдырәлінің орындап жүрген "Сүгірдің термесінің" Сүгірге сөзінің де сазының да қатысы жоқ. Ол Бәубек Елбайдың сөзі, сол Көшкі Омар жыраудың сазы, өңдеген А. Көмекұлы.
А. Елшібаева орындап жүрген "Ауылға да Сүгір-ай келді деп" деген варианттың сөзі Сүгірдікі, сазы сол Омар жыраудікі. Өңдеген, және Айгүл Елшібаеваға үйреткен менмін…

Бұл тұрғыда Қыдырәлі "иттің ағы не, көгі не!", немесе "соқыр тауыққа бәрі бидай" — деген көз қараста ма, әлде білмей ме, әйтеуір Сүгірдің террмесі деп айтып жүр……


Дегенмен, бұл жазба желіде елдің қызу талқысына түсті. Көпшілік шындықты осынша жыл айтпай, неге енді ғана жарияладыңыз, деп Амандық Көмекұлының өзін айыптай бастады.

Соңғы жаңалықтар