Қылмыс жасаған адамды қорғағанша, сапасыз сериал түсіргендерден ақшаның қайда кеткенін сұрасын – Айгүл Орынбек - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қылмыс жасаған адамды қорғағанша, сапасыз сериал түсіргендерден ақшаның қайда кеткенін сұрасын – Айгүл Орынбек

Қылмыс жасаған адамды қорғағанша, сапасыз сериал түсіргендерден ақшаның қайда кеткенін сұрасын – Айгүл Орынбек

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек қылмыс жасаған азаматты өнер адамы екен деп қорғап жатқандарды түсінбейтінін мәлімдеді.

  • 9 Қаңтар 2018
  • 5883
Фото - Caravan.kz

Бұл ойын ол Caravan.kz медиа-порталының тілшісіне айтты.    

«Заң бәрімізге ортақ. Мейлі, сен өнер адамы бол немесе бомж бол. Қылмыс үстінде ұсталып, өзі сонысын мойындаған адамды қорғау, болашақ ұрыларға жол ашу болып табылады. Бұл қылмыс біраз адамға сабақ болуы керек. Салдарымен емес, себебімен күресетін уақыт жетті. Өнер жемқорлыққа толып жатқан соң мəдениетіміз бен идеологиямыз ақсап тұр. Қылмыс жасаған адамды қорғағанша, сапасыз сериал түсіріп қазақтың тарихын қорлаған адамдардан ақшаның қайда кеткенін сұрасын!» деді А.Орынбек.

Айта кетсек, өткен жұмада пара алып жатқан жерінен ұсталған М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләлді кеше бір топ өнер қайраткерлері қорғап, баспасөз мәслихатын өткізген еді. Ал актер қолға түскен кезде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин: "Кінәсін толық мойындауына байланысты ол қамауға алынған жоқ. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр", — деп мәлімдеген болатын.


Сондай-ақ, Баян Мақсатқызының продюсерлігімен түсірілген "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" сериалы төңірегінде де өткен аптадан бері дау шығып жатыр.

Заңгер осы екі жағдайды меңзеп отыр.  

Соңғы жаңалықтар