Қытай елшісі: Қытай жігіттерінің қазақ қыздарымен некелесуін қолдаймын - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай елшісі: Қытай жігіттерінің қазақ қыздарымен некелесуін қолдаймын

Қытай елшісі: Қытай жігіттерінің қазақ қыздарымен некелесуін қолдаймын

Қазақстандағы ҚХР төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэйдің айтуынша, қытай жігіттері қазақ қыздарын нәзіктігі, ақылдылығы және шығыстың тәрбиесін бойына сіңіргені үшін ұнатады-мыс. Елші мырза мұндай некелесуді қолдайтынын да жасырып қалмады.

  • 13 Қаңтар 2017
  • 1193
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Қытай коммунистік партиясы 18-шақырылымының 6-пленарлы отырысы туралы семинарының алдында қытайлық елші журналистердің сұрағына жауап берді.

“Мен Қытайдан жігіттердің жергілікті жердің қыздарына үйлену үшін келетінін білемін. Мұндай жағдайлар көп кездеседі. Сіздердің көптеген азаматыңыз Қытайға бизнесі немесе оқумен келеді де қалып қояды. Қазақ мәдениетін таныстыратын өкілдер бар. Олар заманауи Қазақстанның өмірімен, әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрімен таныстырады. Бұл – қалыпты тәжірибе. Мен мұндай некені құптаймын. Бірақ, мұндай некелер әзірге ұйымдастырылған жоқ, жекелеген адамдардың іс-әрекеті ғана. Дегенмен, ешкім ешқандай шектеу қоймайды. Қытай жағынан кедергі жоқ. Егер екі елдің де осындай қалауы болса, біз тек қуана келісеміз”, – деді журналистердің жауабына қытайлық елші.

Қытай елшісі үйленемін деген жігіттердің көптігін де түсіндіріп кетті. Олар үшін қазақтың білімді, нәзік, әрі сұлу қыздары тартымды келеді екен.

“Қазақстандық арулар тартымды, әрі әдемі, білімді. Оларда шығыстың менталитеті бар – өз отбасыларын жақсы көреді, үлкендерді сыйлайды. Екі ел арасында ұқсастықтар көп. Біз бұған қолдау көрсетіп, ынталандырып отырған жоқпыз, бұл – шынайы процесс. Меніңше, жақсы іс. Екі халық арасында дәстүрлі достық бар екенін білдіреді. Ол өз жемісін береді”, – деп қосты Чжан Ханьхуэй.


Бұған дейін елші Қазақстан жерін жаулап алу туралы сауалға да пікір білдірген болатын.

Айта кетейік, соңғы уақытта қытай жігіттерінің қазақ қыздарына көз салуы туралы мәселе қоғамды тым өршіп кетті. Тіпті, астаналықтар арнайы неке агенттігінің алдына барып митинг те ұйымдастырған.

Соңғы жаңалықтар