Қытай медицинасымен ем қабылдаған жеткіншек жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай медицинасымен ем қабылдаған жеткіншек жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

Қытай медицинасымен ем қабылдаған жеткіншек жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

Қытай медицинасының құрбаны бола жаздады. Алматыда науқас баласын шығыс емшісінің алдына апарған ана осылай деп зар жылап отыр. Клара Мурзаеваның айтуынша, 3 жылдан бері қант диабетіне шалдыққан 11 жастағы қызын орталыққа шарасыздықтан апарған. Содан инсулині 4 күнге тоқтап, түсініксіз шөп дәрі ішкен Луиза жансақтау бөлімінен бір-ақ шығыпты.

  • 23 Шiлде 2013
  • 564
Фото - Caravan.kz

Бұл — 11 жастағы Луиза Мурзаеваның ес-түссіз халден оянған беті.

Жеткіншек бір айға жуық ұзақ комаға түскен. 3 жылдан бері қант диабетіне шалдыққан қызды анасы ем іздеп апармаған жері жоқ. Ақыры Қытай медицинасына жүгінген. Бірақ дерті айғудың орынан, асқынып отыр.

Клара Мурзаева, Луизаның анасы:

— Төртінші күн оның жағдайы нашарлап кетті. Құсып, қанты күрт көтерліп кетті. Болды содан кейін, нашарлады. Тіпті тұра алмайтын халге жетті.

Ине салып ем ететін қытайлық емші Луизаға инсулин салуды бірден доғаруға бұйырған. Орнына түрлі қоспадан өзі дәрі әзірлеп берген екен. Әр дозасы 10 мың теңгеден. Бірақ қоспаны ішкені сол екен, жеткіншекті балалар ауруханасына жедел жеткізуге тура келген.

Әсел Бейсенбаева, Алматы қаласы №2 балалар клиникалық ауруханасы Бас дәрігерінің орынбасары:

— Қант диабетінің мөлшерін қалыпқа келтірдік. Қазір қыздың жағдайы жақсы. Оның ессіз қалуына инсулиннің үзілуі себеп. Анасының айтуынша, халық емшісі солай айтқан. Бірақ үздіксіз тек осы дәрімен келе жатқан науқасқа оны үзуге мүлдем болмайды.

Жеткіншекті күдікті емімен ессіз қалдырған Қытай орталығына біз де бардық. Бұл жер өзін «доктор Ли» деп атайтын Александр Ли есімді азаматқа тиселі екен. Бірақ бір аптадан бері мекеменің есігі жабық.


— Біз бір кісінің мәселесімен келіп тұр едік.

— Келсін, сосын шешесіздер!

— Онда орынбасарлары бар ма?

— Ешкім жоқ. Бір жетіге жабылғанбыз.

Қазір бұл іс бойынша Медициналық қызмет сапасын қаладағау департаменті қызметтік тексеру жүргізуде. 

Майра Үкібай, Алматы қалалық медициналық қызмет сапасын қадағалау департаменті директорының орынбасары:

-Осы дерек бойынша анықтау комиссиясы құрылды. Қазір жұмыс жүріп жатыр. Қорытындысы кейін білігі болады. Бірақ нақты қашан екенін айта алмаймын.

Емшіге сену — үлкен қателік болғанын Клара Мурзаева жақсы түсінеді. Бірақ тосын жайт қайталанбас үшін дәрігерді енді сотқа тартпақ. 

Соңғы жаңалықтар