Жарияланды: 4000

Қыздарды құтқарамын деп өзі қаза тапқан жігіттің әкесі: "Ол біз үшін періште еді"

Қыздарды құтқарамын деп өзі қаза тапқан жігіттің әкесі: "Ол біз үшін періште еді" Сурет - otyrar.kz

Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданындағы Ақсукенттің тұрғыны болған Нығмат Махмұдов ерлікпен қаза тапты. Ол жүйткіп келе жатқан пойыздың астынан екі қызды құтқармақ болған. Қыздардың бірі аман қалды.

Нығмат өте мейірімді жігіт болған. Оны жұрт жергілікті құтқарушы деп атайтын. 30 жаста ғана болған Нығматтың артында әйелі мен кішкентай үш баласы қалды, деп жазады Otyrar.kz.

Бұл қайғылы оқиға бүкіл елді мекенді шулатып жіберді. Ондағылардың сұрағы көп болып тұр. Бәрі екі студент қыз туралы айтады. Бірақ құтқарылған бойжеткен туралы ешкім білмейді. Тіпті Нығматтың әке-шешесі де.

"Қайғылы оқиға орнынан шамамен жарты шақырым жерде жаяулар көпірі бар. Бірақ ешкім ол жақпен айналып өткісі келмейді. Бәрі рельсті басып өте береді. Көргендердің айтуынша, қыздар оң жатқан келе жатқан пойыздың өтуін күтіп тұрған. Құлақтарында дыбыс тыңдайтын құлаққап болыпты. Сөйтіп, оңға қарап тұрғанда, сол жақтан жүк пойызының келе жатқанын естімеген. Ал Нығмат мұны көре салып, темір жолға жүгіріп барған. Біреуін итеріп жіберіп үлгеріпті. Екіншісін үлгермеген. Сол екінші қызбен бірге пойыз қағып кетіпті. Ал тірі қалғанының қайда екенін білмеймін" дейді Ақсукент тұрғыны Шахмат Ырысов көзіне жас алып.

Нығматтың әкесі Ағзам Махмұдов тіпті қайғыдан есін жия алмай отыр.

"Нығмат - екінші балам. Жалпы, төрт перзентім бар. Ол ашық-жарқын, адал еді. Оны бәріміз де періште санайтынбыз" дейді А.Махмұдов.

Қыз табылды. Оның анасы қызын суретке түсіруге, тіпті онымен сөйлесуге рұқсат бермеді. Бойжеткен 17 жаста екен. Шешесі оның сол жерде болғанын, сұмдық оқиғаны көргенін айтты. Бірақ қызының оған қатысы жоқ көрінеді.

"Иә, қызым бәрін көрді. Бірақ ол рельсте тұрған жоқ. Ол мұның қалай болғанын да білмейді. Артынан көре сала құрбысына жүгіріп барған. Сосын оны құрбысымен бірге жедел жәрдем алып кеткен. Онда құлаққап болған жоқ. Ғаламторда құлаққап болған деп жазып жатыр. Бұл өтірік. Ол жәй жанынан өтіп бара жатқан" дейді әйел. 

Закрыть