Жарияланды: 90

Ресейдегі күре жолда доңғалақ ауыстырып жатқан қазақстандық мерт болды

Ресейдегі күре жолда доңғалақ ауыстырып жатқан қазақстандық мерт болды

Ресейдің Краснозер ауданында қайғылы жол апаты болды. «Новосібір-Павлодар» трассасында 21 жастағы жүргізушіні Mitsubishi Canter жүк көлігі қағып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА kurer-sreda.ru-ға сілтеме жасап.

ІІМ Новосібір облыстық басқармасының мәліметтеріне қарағанда, 10 қазан күні таңертең Карасуктың 34 жастағы тұрғыны Mitsubishi Canter автомобилімен К-17p «Новосібір-Павлодар» автожолында келе жатып, 279-километрде 05:40-та жолдың оң жиегінде тұрған DAF жүк көлігін соғады. Оның сол кезде көліктің доңғалағын ауыстырып жатқан 21 жастағы жүргізушісі оқиға орнында ажал құшқан.

Мерт болған жүргізуші Қазақстан Республикасының азаматы екендігі анықталды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім шығарылады.


 

Пікір қалдырыңыз

[X]