Ресейді терроризм үшін айыптаған Украина БҰҰ-ға шағымданады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейді терроризм үшін айыптаған Украина БҰҰ-ға шағымданады

Ресейді терроризм үшін айыптаған Украина БҰҰ-ға шағымданады

Киев БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне шағым түсіреді. Оған Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің Қырымда теракт ұйымдастырмақ болған украиналық арнайы қызмет өкілдерін ұстады делінетін Ресей айыптаулары себеп болды. Бұл туралы Украинаның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Владимир Ельченко хабарлады.

  • 12 Тамыз 2016
  • 393
Фото - Caravan.kz

Дипломат сөзіне қарағанда, бұл мәселе қазір талқыланып жатыр, және Киев БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесін «түн жарымында болса да» жинауға әзір. Украиналық дипломат осы жағдайды БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мунға баяндауды көздеп отыр, деп хабарлады БҰҰ сайты.

Ресей және Украина қарым-қатынасы Қырымда «диверсанттар» ұсталды деген мәлімет тараған соң, бірден ушығып кетті. Кремль украиналық арнайы қызмет өкілдерін Қырымда ұстау барысында екі ресейлік офицер қайтыс болды деп хабарлаған. Президент Владимир Путин Украина билігін террорға жүгінді деп айыптап, Донбастағы жанжалды бейбіт реттеуді көздейтін «нормандиялық форматтағы» кездесуден бас тартты.


Украина президенті Петр Порошенко ресейлік тараптың айыптауларын «ақылға қонымсыз әрі ұятсыздық» деп бағалады. «Бұл қияли айыптаулар — Украинаға төнген әскери қауіптен хабардар етеді», — деді Порошенко.

Соңғы жаңалықтар