Ресейдің Иркутск қаласында 60 адам "Боярышниктен" уланып өлді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейдің Иркутск қаласында 60 адам "Боярышниктен" уланып өлді

Ресейдің Иркутск қаласында 60 адам "Боярышниктен" уланып өлді

Ресейдік Иркутск қаласында "Боярышник" деп аталатын косметикалық заттан 60 адам қайтыс болды. Ауруханада әлі 40 науқас бар.

  • 21 Желтоқсан 2016
  • 779
Фото - Caravan.kz

Улану ісіне қатысты 11 адам ұсталды. Олар — адам ағзасына зиянды концентратты жеке саудалаған кәсіпкерлер. Ұсталғандардың бірқатарына айып тағылған. Істі тексеру Ресейдің тергеу комитетінің орталық аппаратына тапсырылды.

Сәрсенбіге қараған түні комитет басшысы Александр Бастрыкин Иркутскіде шұғыл жиын өткізді. Хабарларға қарағанда, көпшілік уланып қалған "Боярышник" деп аталатын ваннаға арналған заттың құрамында метил спирті болған. Жәбірленушілер 17 желтоқсанда кешкісін ауруханаға түсе бастаған.

Дүйсенбіде Иркутскіде төтенше жағдай енгізілді. Құрамында спирті бар сұйықтықтарды сатуға уақытша тыйым салынды.


Соңғы жаңалықтар