Ресейліктер нәрестені құтқарып қалған ақтаулық жолсерік туралы фильм түсіруде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейліктер нәрестені құтқарып қалған ақтаулық жолсерік туралы фильм түсіруде

Ресейліктер нәрестені құтқарып қалған ақтаулық жолсерік туралы фильм түсіруде

Шілде айының басында 9 айлық Фатиманы құтқарып қалған ақтаулық жолсерік Алтынай Рамбаева көрші елде де танымалдылыққа ие болды.

  • 21 Шiлде 2017
  • 970
Фото - Caravan.kz

Ресейдегі «Домашний» телеарнасы ол туралы деректі фильм түсіруде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Фильмді Владимир Калашников түсіріп жатыр. Ол «ТМД жолсерігі» деп аталады. Фильм Фатиманы құтқарып қалған Алтынай жайлы ғана болмайды.

Бұрын хабарланғандай, 2017 жылдың 3 шілдесінде «Маңғыстау-Астрахан» бағытындағы жолаушылар пойызының жолсерігі Алтынай Рамбаева 9 айлық Фатиманың өмірін сақтап қалған еді. Оқиға жолда болған. Мақат станциясында купелердің бірінде баланың өліп қалғаны туралы хабарлайды. Алайда, жолсерік абыржымай, қызды қызметтік бөлмеге алып кіріп, алғашқы медициналық жәрдем көрсетеді. 40 минуттан кейін сәби есін жиып, дем алып, жылай бастаған. Фатиманың анасы Арайлым Жалиева болған оқиғаны керемет тірілту болды деп есептейді. Айта кеткен жөн, Арайлым да фильмнің кейіпкері болып, пойызда болған оқиғаны тағы да баяндады.

Операторлар Алтынайдың рейске кетіп бара жатқанын, қыздарының шығарып салып жатқан эпизодтарын түсіріп те қойған. Оның 25 жастағы қызы Гүлзира анасының сүйікті тамағын еске алып, анасын қалай күтіп алатынын, ол үшін алаңдайтыны туралы айтып берді.

«Ол маған жай ғана ана емес, ол менің әрі құрбым, кеңесшім. Кез келген жағдайда көмектесіп, ақылын айтып, жол көрсетіп отырады. Ол, тіпті танымайтын адамдарына да мейіріммен қарайды», — деді Гүлзира.


Бүгін, 21 шілде күні Маңғышлақ станциясында Алтынайды күтіп алу эпизоды түсіріледі.

Алтынай Рамбаева өзі құтқарып қалған Фатиманың екінші анасы атанды, ол бүлдіршінді қызым деп атайды. Екі отбасы да достасып кетті.

27 қыркүйекте Фатима өзінің бірінші туған күнін атап өтеді. Оның туған күнін тек туыстары ғана емес, үшінші қызының орнын басқан Алтынайдың отбасы да олармен бірге тойлайды. 

Соңғы жаңалықтар