Сәбилерге Мекке, Ислам, Құран сияқты есімдерді қоюға тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәбилерге Мекке, Ислам, Құран сияқты есімдерді қоюға тыйым салынды

Сәбилерге Мекке, Ислам, Құран сияқты есімдерді қоюға тыйым салынды

Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында жаңа туған сәбилерге мұсылман дініне қатысы бар есімдерді қоюға тыйым салынды, деп хабарлай

  • 25 Сәуiр 2017
  • 285
Фото - Caravan.kz

Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында жаңа туған сәбилерге мұсылман дініне қатысы бар есімдерді қоюға тыйым салынды, деп хабарлайды Baq.kz.

Жергілікті перзентханаларда жаңа туған сәбилерге қоюға болмайтын есімдердің тізімі де пайда болған.

Тыйым салынған есімдердің қатарында Мекке, Ислам, Саддам, Құран атаулары бар. Егер балаға осы тыйым салынған есімдер берілсе, онда сәбилерге мемлекеттік денсаулық сақтау және білім беру жүйесінде қызмет көрсетілмейтін көрінеді.

Шыңжанда 23 миллион тұрғынның жартысынан астамы мұсылмандар екен. Бұл өңірде діни экстремизммен күрес өте қатал. Әйелдерге ниқаб қиюге, ал ер азаматтарға «мұсылман сақалын» өсіруге тыйым салынған.


Соңғы жаңалықтар