Сандуғаш Жұмабек: "Өміріме қауіп төніп тұр!" - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сандуғаш Жұмабек: "Өміріме қауіп төніп тұр!"

Сандуғаш Жұмабек: "Өміріме қауіп төніп тұр!"

Фейсбукте алаяқ деп айыпталған Сандуғаш Жұмабек (шын аты-жөні – Сандуғаш Жұртшыбайқызы Кентаева) әлеуметтік желідегі қарсыластарына түрлі жазбаларды әлі де қарша боратып жатыр. Ол өзін о бастан кінәлімін деп санамайды.

  • 25 Шiлде 2017
  • 9214
Фото - Caravan.kz

Белгілі заңгер Айгүл Орынбектің жазуынша, Сандуғаш Жұмабекке қатысты сот отырысы кеше басталған, деп хабарлайды Caravan.kz.

«Сандуғаш ҚР Қылмыстық кодексінің «Алаяқтық», яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену, яғни 190-бабының 3, 4- бөлігі 1-тармағында көрсетілген қылмысты жасаған» деп жазды А.Орынбек.

Ал Сандуғаш мұның бірде-бірін мойындап отырған жоқ. Тіпті Фейсбуктегі парақшасында қарсы тараптың қытығына тиетін жазбаларды бұрқыратып жатыр.  

«Не ғой, оппозиционерлерім кірпік ілмей қызмет етуде. Күніне инста парақшасы мен фк-тен осындай фейк парақша ашып алып, чәрчәмай мені тілдеуден Әлемнің он мәрте чемпиондары атанып болды-ау)))) Бейшаралардың өкпесі өшті-ау)))) Пыросты жалко да! Жазыңдар! Айтыңдар! Тілдеңдер! Күнәмды арқалаңдар! Білгендеріңді былғап, шәйқап жеңдер! Ас болсын!!! Әр нәрсенің уақыты мен секунды болады! Бәрі құдайдың қолында! Кім істі, кім сотты болмай жатыр?! Желдің қай бағытта ауып, бұлтты қалай қарай көшіріп жіберем десе де Алланың құдіреті жетеді! Ал, сендер аса қымбатты менің "Оппозиционерлерім" оттап, ойнақ сала тұрыңдар! Әрі сендердің жіберген осындай қателіктер менің ҚАРУЫМ! УОТ, СОЛАЙ! Мен үндемесем айтарым жоқ емес! Бәрі бітсін! Ақиқаттың айранын ішкізіп, шындықтың шырынын татырамын! Пока күшене тұрыңдар! Тек көтеншектерің айналып кетпесін! Ал маған, ал маған лично по барабану! Тек ӘДІЛДІК орнаса болды. Ал, сендерге сәттілік! Біліп қойыңыздар, құрметті желі қолданушы жамағат!!! Менің өміріме қауіп төніп тұр!» деп жазады С.Жұмабек (сөзін қаз-қалпында беріп отырмыз).  

«Менің және менің отбасымда қандай да бір жағдай орын алып, өзім, бала-шаға жақындарым оқыстан сүрініп, құлап қалса да, жазатайым бір жағдайға ұшыраса да, кінәлі…» деген Сандуғаш кінәлілердің аты-жөнін атап шығыпты. Біз оларды атай алмаймыз. Ал білгісі келетіндердің жоғарыдағы жазба авторының
парақшасына
кіруіне болады.

Соңғы жаңалықтар